«Ауырлық бойынша» ралли

14.08.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында Шахтер күніне өткізілген «Мамандығы бойынша үздік» жылсайынғы конкурстың эстафеталық таяқшасын технологиялық көлік басқармасының үлкен жүк техникасының жүргізушілері қағып алды.  

Көптонналы «тұлпарларды» үйрету шеберлігін «богатырлық» ковбойлардың көбі көрсете алмады. Алдын ала тәжірибелік тестілеуден кейін көмірдің «шайқас алаңына» ең көп балл жинаған 18 қатысушы шықты.

Биылғы жылы БелАЗ және Caterpillar карьерлік самосвал жүргізушілерінен басқа темір алыптарды басқару шеберлігін САТ-D9R бульдозерінің машинистері де көрсетті.

Барлық қатысушыларға кедергі бөшкелері бар әртүрлі бағыттар ұсынылды, одан бәрінен бұрын және тез жүріп өту қажет болды. БелАЗ-76470 (УПМ) су шашу-суару машина жүргізушілері трасса бойынша нақты тәсілдермен қатар күшті «гидроснарядпен» су зеңбірегін атып нысанаға дәл тигізу керек болды.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. «Мамандығы бойынша үздік» естелік кубогы Виталий Кобыльченкоға, Николай Михневке,  Раиф Тукаевке, Геннадий Колосовқа және Асхат Байгашировке берілді. Екінші орынға Евгений Кравченко, Жұмабай Ускембаев, Айдар Капезов, Артур Даныбаев және Андрей Лещенко ие болды. Тұғырдың үшінші сатысына Ержан Кетебаев, Болат Альжанов, Александр Степанов, Евгений Бабешко және Иван Кем көтерілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен сыйақылар берілді. Жарыстың қалған қатысушыларына жұбаныш сыйлықтары ұсынылды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу