Үздік тәлімгерлер

02.08.2018

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің екі жұмыскері интернет-дауыс берудің қорытындысы мен мәртебелі комиссияның шешімі бойынша «Еңбек жолы» республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жүлдегерлер үштігіне кірді.

Еңбек дәстүрлерін нығайту мен көбейтуге шақырған жалпы ұлттық конкурсқа Павлодар Ертіс өңірінің барлық жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Өндіріс озаттары және өз істерінің нағыз шеберлері Ерлан Әубәкіров пен Олег Паско осындай айтулы конкурста «Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері» номинациясында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кенші ұжымын таныстырды. Екі үміткер де көп дауыс санын жинады және нағыз кәсіпқойлар мен үздік тәлімгерлердің «Богатырь Көмір» компаниясында еңбек ететінін тағы да дәлелдеді. Екеуінің де өндірісте мол тәжірибесі, оқушылар арасынан жүздеген ізбасары, айқын еңбек жеңістері мен жетістіктері бар. Облыстық конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің «Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Павлодар облысын Ерлан Мағзамұлы Әубәкіров таныстыратын болады.

Жергілікті кадрлар ұстасы - №18 Екібастұз кәсіби мектебінің түлегі Ерлан Мағзамұлы өз еңбек қызметін «Богатырь Көмір» ЖШС-да қатардағы жөндеуші слесарь болып бастады, ол компанияда жұмыс істеген уақытында жоғарысыныпты маман – көлік қызметкері болды және бүгін де жиналған тәжірибесін жас ауысымға бере отырып технологиялық көлік Басқармасының №2 тракторлық-бульдозерлік учаскесінде механик ретінде шебер атқаруда. Тәлімгерлік майданындағы еңбегіне лайық келесі номинациялар бойынша наградталды: «Жұмысшы мамандығын үздік насихаттау» (2012 ж.), «Теориялық оқытудан үздік нұсқаушы» (2013 ж.), «Үздік тәлімгер» (2015 ж.), «Үздік оқытушы» (2017 ж.). Ерлан Мағзамұлының еңбек ерлігі жоғары бағаға лайықты болды – 2015 жылы ол 3-дәрежелі «Шахтер Даңқы» құрметті белгісімен марапатталды.                                                 

«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің екінші жүлдегері Олег Ростиславович Паско 40 жылдан аса көмір саласында, «Богатырь Көмір» ЖШС бас энергетик қызметінің №1 электрмен жабдықтау учаскесінде жабдықтарды жөндеу мен қызмет ету жөніндегі 7-разрядты электрслесарь болып еңбек етуде. Өнеркәсіптік кәсіпорынның энергиямен жабдықталуы туралы бәрін білетін сауатты маман Олег Ростиславович көп жыл табысты еңбек еткен кезінде көптеген қоғамдық құрметке ие болды. Оның еңбек наградаларының тізімі келесіден тұрады: «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері», «Шахтер даңқы» белгісінің кавалері, «Еңбегі сіңген тәлімгер».                                                                                         

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау салтанаты алда болатын облыстық еңбек форумының аясында өтеді. Ал бірінші кезеңнің жеңімпазы Ерлан Мағзамұлы Әубәкіров Павлодар облысын республикалық конкурста таныстырады. Оның жүлдегерлерін 20 тамыздан 15 қыркүйек аралығында еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында өтетін жалпы ұлттық интернет-дауыс берудің (бір ІР мекенжайдан бір шерту) қорытындысы бойынша республикалық конкурстық комиссия анықтайды. Конкурстың екінші кезеңінің жеңімпаздары «Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына» республикалық форумында марапатталады.

Қанат АЛДАБАЕВ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу