Әлемдік рекордтың қатысушысы болдық

18.06.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының 150 қызметкері Астананың 20-жылдығын атап өтуіне орай Екібастұз қаласында ұйымдастырылған бес жарым мың адам қатысқан әлемдегі ең ірі флешмобтың қатысушылары атанды.  

«Шахтер» стадионында өткен жаппай іс – шараға Отанына деген сүйіспеншілігі толы екібастұздықтарды кеншілер де бар ынталарымен қолдады.  Стадионда жиналғандар Қазақстан картасын жасап, ішіне «Астана 20 жыл» деп жазып, флешмобқа қатысқандар санынан әлемдік рекорд жасалды. Астананы мерейтойымен білім беру саласы, денсаулық саласы, «Богатырь» кеніші, "Восточный", ГРЭС-1, ГРЭС-2, , "Промсервис-Отан", "Проммашкомплект", "Бозшаколь", "Green House KZ" және қаланың басқа кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Сонымен қатар, қаламыздың кішкентай тұрғындары өздерінің Астананың туған күніне арнап салған суреттерімен қатысты.

Қаланың баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш идеяны қала әкімі ұсынған. Бұл осымен Қайрат Нүкеновтің есебіндегі төртінші рекорды.    

 

Марина ПОКРАТОВА 

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясының ЖҚБ-нің мұрағатынан 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу