Кезеңді аяқтады

30.07.2018

«Ударная» станциясының ПЭМ2М машинистері «Мамандығы бойынша үздік» конкурсының «теміржол» кезеңін аяқтады.  

Алдындағы конкурсқа қатысушылар сияқты олар да тестілеуден өтті және тәжірибелік конкурстық тапсырманы орындады. Сұрақтарға жас мамандар да және олардың көпті көрген әріптестері де жақсы жауап берді, ал локомотивті деңгейге бұрын жеткізуді ешкім орындай алмады – машинистер теміржол көлігін қою бөгетіне бір метр қалғанда тоқтатты. Сондықтан санақ комиссиясы теория үшін балға «зероны» қосуға мәжбүр болды. Бірақ та жігіттер позитивті көзқарасты жоғалтпады және келесі жылы міндетті түрде меңгеріп алып, аталмыш теміржол кульбитін әдемілеп көрсетуге уәде берді.

Жас конкурсқа қатысушылардың ішінде Александр Воробьев үздік атанды. Евгений Щербаковқа екінші орын, Кумар Ахшаловқа үшінші орын берілді. Ардагерлерден Александр Бушин бірінші болды, Борис Батагов екінші нәтижеге қол жеткізді, Руслан Шишкин жүлдегерлер үштігін тұйықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дәстүрді түрде ақшалай сыйлықтар алды, ал қалған қатысушылардың барлығына жұбаныш сыйлықтары берілді.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу