Шахтер Күніне арналған жеңістер

23.07.2018

"Богатырь Көмір" компаниясында  кеншілердің күнтізбесіндегі бас мереке –Шахтер күнін мерекелеуге дайындық қарқынды жүріп жатыр. Өткен демалыстарда спортшылар өздерінің жеңістері мен жүлделі орындарын осы күнге арнады.

Спорт – сауықтыру кешенінде гір спорты мен армрестлинг бойынша жеке біріншілік өтті. Бұнда «темір көмір» және компания алыптары деп атауға болатын күш иелері өз күштерін көрсетуге жиналды.

65 кг-ға дейін салмақтағы гір спортында БЖКБ-дан Константин Бойко жеңіске жетті, «Богатырь» кенішінен Манас Жұмабеков екінші орынға ие болды, ал ТКЖЖ зауытынан Ермек Татиев жүлдегерлер үштігін тұйықтады.

75 кг-ға дейін салмақ категориясында «алтын» медельді Аблай Жақыпов («Богатырь» кеніші) алды, Қанат Қалиханов (КҚД) тұғырдың екінші дәрежесіне ие болды, Серік Жұмабаев (ТКЖЖ зауыты) үшінші орынды алды.

Гіршілер арасында 90 кг-ға дейін салмақпен автобазадан Қаныбек Масақбаев көшбасшылық етті, «Богатырь» кенішінен Радик Сайфуллинге екінші орын берілді, «қолаға» Евгений Перегудов ие болды («Богатырь» кеніші).

90 кг-дан асатын ауыр салмақтылар арасында бірінші орын – Айдар Қапезовқа (ТКБ), екінші – Мийржан Мұхамедрахымға (БЖКБ), үшінші орын – Стас Сычевке (автобаза) берілді.

Армрестлингте мықты «қол алысулар» келесі нәтижелерді көрсетті. 60 кг-ға дейін салмақпен Мағжан Сұлтанғазин (ТЖЖЖД) бірінші орынды жеңіп алды, Ермек Татиев (ТКЖЖ зауыты) тұғырдың екінші сатысына көтерілді, Ермек Ермекбаев (ТКЖЖ зауыты) жүлдегерлер үштігін тұйықтады.

70 кг-ға дейін салмақ категориясында бірінші орын Манас Жұмабековке («Богатырь» кеніші), екінші – Серік Жұмабаевқа (ТКЖЖ зауыты), үшінші Аблай Жақыповқа («Богатырь» кеніші) берілді.

Рестлерлерде 90 кг-ға дейін салмақпен Стас Сычев (автобаза) жеңіске жетті, Тахир Ілясов («Богатырь» кеніші) «қола» жүлдегері атанды, Асанәлі Алдабергенов («Богатырь» кеніші) үшінші нәтижені көрсетті.   

90 кг-дан  асатын салмақта Мийржан Мұхамедрахым (БЖКБ) көшбасшылық етті, Андрей Пиков (ТЖЖЖД) – екінші орынға, Талғат Ахметов (БЖКБ) үшінші орынға ие болды.

Өз жанкүйерлерін футболшылар да қуантты. 21 шілдеде «Әлем» Кубогына арналған футбол бойынша турнирде біздің ардагерлер командасы екінші орынға ие болды.

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.


Жаңалықтар тізіміне оралу