Көмек үшін ризашылық білдіру

18.07.2018

Біздің бірнеше қызметкерлеріміз «Жас Өркен» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға көмектескендері үшін және олардың қатысушыларына белсенді қолдау көрсеткендері үшін «Самұрық қазына» Копоративтік университетінен алғыс хат алды.

Өндірістік жүйені дамыту желісі бойынша көмір шығарушы кәсіпорында осы бағдарлама бойынша тағылымдамадан Әділ Рахымжанов өтті, екінші жас жігіт Тимур Рахымжанов қазіргі уақытта тағылымдамадан өтуде.

Жігіттерге жаңа ұжымда бейімделуге және сеніп тапсырылған міндеттердің қыр-сырын білуге компанияның ең үздік топ-менеджерлері мен жұмыскерлері көмектесті: жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукулов, өндірістік жүйені дамыту жөніндегі директор Нұржан Батырханов,   құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары Ольга Хозяшева, БЭҚ шұғыл-диспетчерлік бөлімінің аға энергодиспетчері Владимир Тюлин және BPS менеджер Мәди Дүйсенов. Тағылымгерлерге көрсеткен қамқорлықтары үшін олар компанияның бас директоры Рустам Сансызбаевтың қолынан «Самұрық қазына» Копоративтік университетінің алғыс хаттарын алды.

Марина ПОНКРАТОВА

Владимир ТЮЛИННІҢ сурет.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу