Біздікілерге дауыс бер!

16.07.2018

Республикада Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеруге және еңбек адамы туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған «Еңбек Жолы» конкурсы басталды. Биылғы жылы «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында біздің компанияның намысын Бас энергетик қызметінің энергиямен жабдықтау учаскесінің жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрслесарі Олег Паско мен технологиялық көлік басқармасының тракторлық-бульдозерлік учаскесінің механигі Ерлан Әубәкіров қорғайды. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері интернет-дауыс беру арқылы анықталатын болады. Сондықтан, жігіттер өздерінің ұыжымы мен туысқандарының қолдауына сенеді.

Қазіргі уақытта өтіп жатқан және 31 шілдеде аяқталатын конкурстың бірінші өңірлік кезеңінде бір IP-мекенжайдан бір дауыс есебінен бір қатысушы үшін келесі сілтеме бойынша дауыс беруге болады: http://enbek-pvl.kz/ru/materials/47.

Дауыс беру есептелу үшін үй немесе басқа да компьютердің немесе мобильді құрылғының IP-мекенжайынан интернетке шығу қажет. Бұл кезеңнің жүлдегерлерін өңірлік еңбек форумында марапаттайды.

Конкурстың екінші кезеңі онлайн-дауыс беру 20 тамыздан 15 қыркүйек аралығында еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жүзеге асырылады (бір IP-мекенжайға бір шерту). Конкурстың екінші кезеңінің жеңімпаздары «Жалпы Еңбектің Қоғамына» республикалық форумында марапатталады.

Посмотреть видео 1

Посмотреть видео 2

Посмотреть видео 3

Посмотреть видео 4

 

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясының ОКК мұрағатынан алынды.

 

Анықтама

Паско Олег Ростиславович біздің кәсіпорынның Бас энергетик қызметінің энергиямен жабдықтау учаскесінде  40 жылдан аса жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрслесарь болып еңбек етуде. Оның еңбегі және жоғары кәсіпқойлығы «Шахтер Даңқы» белгілерінің үш дәрежесімен ескерілді және «Көмір өнеркәсібінің Құрметті Жұмыскері» атағы берілді. Олег Ростиславович өзінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін жас ұрпақтарға зор ықыласпен береді. Жас жұмыскерлерді үйретуге және жұмысшы мамандығының беделін көтеруге қосқан жеке үлесі үшін Олег Ростиславович бернеше рет «Үздік тәлімгер» және «Жұмысшы мамандығын үздік насихаттау» номинацияларында құрмет грамоталармен марапатталды.

 

Ерлан Мағзамұлы Әубәкіров 1998 жылдан бастап технологиялық көлік басқармасының таркторлық-бульдозерлік учаскесінде механик болып еңбек етуде. Ерлан Мағзамұлы жас жұмыскерлерді оқытуда елеулі қызмет етті. Кәсіби білімді меңгерудің жоғары деңгейі және жұмыскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін 2015 жылы «Жұмысшы мамандығын үздік насихаттау», «Теориялық білімнің үздік нұсқаушысы», «Үздік тәлімгер», «Үздік оқытушы» номинацияларында ол құрмет грамоталармен марапатталды. Ерлан Әубәкіров 3-дәрежелі «Шахтер Даңқы» құрметті белгісімен марапатталған.

 

Құрметті әріптестер, біздің компания ұсынған лайықты кандидаттар үшін онлайн-дауыс беруге белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз! 

Жаңалықтар тізіміне оралу