Партия қатарына өтті

10.07.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаевқа «Нұр Отан» партиясының билеті берілді.

Астана мерейтойының қарсаңында Қазақстан бойынша екі мыңнан асатын адам «Нұр Отан» партиясына қосылды. Еліміздің жетекші саяси күшінің қатарына кіргендердің ішінде жас кәсіпкерлер, ғалымдар, бағдарламашылар мен қоғам қайраткерлері болды. Олардың арасында «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаев бар еді, ол Астана қаласында өткен салтанатты жиналысқа қатысып, партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қолынан партия билетін алды.

Марина ПОНКРАТОВА
Сурет "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратының баспасөз қызметінен алынды.

Жаңалықтар тізіміне оралу