Шатырлар жайылды...

09.07.2018

Сабындыкөлдің әдемі жерінде «Богатырь Көмір» компаниясының Павлодар облысының 80 жылдығына арналған туризм бойынша біріншілігі аяқталды.

 

Жыл сайын «богатырлық» туристік слеті Баянауыл ұлттық саябағының ең ірі көлінің жағасында шытырман оғиаларды іздеушілерді, экстремалдар мен романтиктерді жинайды. Қаланың күнделікті қарбаласынан шаршаған белсенді кеншілер бұл жерге шатырларда қонып, алау жанында ән шырқап, әртүрлі туристік конкурстарға қатысу мен жаңа әсерлер алу үшін келеді. 
Биылғы жылы туристік біріншілікке жеті команда қатысты – «Орман ағайындары» («Богатырь» кеніші аршу кешені), «ТКЖЖ», «220» (БЖКБ, МОБ), «Шығару» («Богатырь» кеніші), «Барыстар» (БЖКБ, ВЭД), «Жолбарыстар» («Богатырь» кеніші) және «Құрама». 
Төрт адамнан тұратын әр туристік тізбек эстафетадан және кедергілер алабынан өтулері, баянауыл шыңдарын бағындырып, жартасқа өрмелеуші болулары және қол жетімді азық-түліктерден жорық тамағын дайындайтын бас-аспаз рөлінде өздерін сынаулары қажет болды. 
Шығармашылық адамдар секілді туристертерге де тақырыптық қабырға газетін дайындап, кез-келген жорықтың ажырамас лирикалық атрибуты – туристік әнді гитараның сүйемелдеуімен орындау туралы тапсырма берілді. 
Екі күндік демалыс-жарыстық іс-шарааның қорытындысы да шығарылды. Биылғы жылы жалпыкомандалық есепте «Орман ағайындары» бірінші орынды жеңіп алды, ал «220» сандық атауы бар туристік командаға екінші орын берілді, жүлдегерлер үштігін «Барыстар» командасы тұйықтады. Сонымен қатар, ұлттық санаттағы төреші, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, «Богатырь Көмір» компаниясының жөндеу жөніндегі дирекциясының жетекші инженері Людмила Шепелева басқарған төрешілер алқасы конкурстарда алған орындары үшін жеке жүлделерін ұсынды. 
Алда «богатырлық» туристер Людмила Шепелеваны, Ислам Мамаевты, Аслан Нұрымов пен Маргарита Игуменованы тамыздың аяғында барлық Павлодар Ертіс өңірінің туристері жиналатын «Ертіс меридиан» отызыншы мерейтойлық слетке төреші ретінде қатысу күтіп түр.

Жыл сайын «богатырлық» туристік слеті Баянауыл ұлттық саябағының ең ірі көлінің жағасында шытырман оғиаларды іздеушілерді, экстремалдар мен романтиктерді жинайды. Қаланың күнделікті қарбаласынан шаршаған белсенді кеншілер бұл жерге шатырларда қонып, алау жанында ән шырқап, әртүрлі туристік конкурстарға қатысу мен жаңа әсерлер алу үшін келеді. Биылғы жылы туристік біріншілікке жеті команда қатысты – «Орман ағайындары» («Богатырь» кеніші аршу кешені), «ТКЖЖ», «220» (БЖКБ, МОБ), «Шығару» («Богатырь» кеніші), «Барыстар» (БЖКБ, ВЭД), «Жолбарыстар» («Богатырь» кеніші) және «Құрама».

Төрт адамнан тұратын әр туристік тізбек эстафетадан және кедергілер алабынан өтулері, баянауыл шыңдарын бағындырып, жартасқа өрмелеуші болулары және қол жетімді азық-түліктерден жорық тамағын дайындайтын бас-аспаз рөлінде өздерін сынаулары қажет болды.

Шығармашылық адамдар секілді туристертерге де тақырыптық қабырға газетін дайындап, кез-келген жорықтың ажырамас лирикалық атрибуты – туристік әнді гитараның сүйемелдеуімен орындау туралы тапсырма берілді. Екі күндік демалыс-жарыстық іс-шарааның қорытындысы да шығарылды. Биылғы жылы жалпыкомандалық есепте «Орман ағайындары» бірінші орынды жеңіп алды, ал «220» сандық атауы бар туристік командаға екінші орын берілді, жүлдегерлер үштігін «Барыстар» командасы тұйықтады. Сонымен қатар, ұлттық санаттағы төреші, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, «Богатырь Көмір» компаниясының жөндеу жөніндегі дирекциясының жетекші инженері Людмила Шепелева басқарған төрешілер алқасы конкурстарда алған орындары үшін жеке жүлделерін ұсынды.

Алда «богатырлық» туристер Людмила Шепелеваны, Ислам Мамаевты, Аслан Нұрымов пен Маргарита Игуменованы тамыздың аяғында барлық Павлодар Ертіс өңірінің туристері жиналатын «Ертіс меридиан» отызыншы мерейтойлық слетке төреші ретінде қатысу күтіп түр.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Біріншілікке қатысушылардың суреті.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу