4-уі 1-де: сертификаттауды күтуде

03.07.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында сертификатталған аудитке дайындық аяқталып қалды, оның нәтижесінде менеджменттің біріктірілген жүйесі бойынша сертификаттар алуға болады.

Көмір кәсіпорнында төрт менеджмент жүйесі табысты енгізілген және қызмет етуде – бұлар ISO 9001:2015 стандарты бойынша «Сапа менеджментінің жүйесі», «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйесі» OHSAS 18001:2008, ISO 50001:2011 стандартының талаптарына сәйкес «Энергетикалық менеджмент жүйесі» (СЭнМ). Төрт халықаралық стандарт бойынша (ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001, ИСО 50001) ішкі және сыртқы аудиттерді жүргізуге арналған шығындарды қысқарту, бүтіндей менеджменттің барлық жүйесін қолдану мен менеджмент жүйесі сапасының ішкі аудиті үдерісінің нәтижелілігін көтеру үшін бұл жүйелерді менеджменттің бірыңғай біріктірілген жүйесіне (МБЖ) біріктіру туралы шешім серіктестіктің басшылығымен 2014 жылы қабылданды. МБЖ-ны қолдану менеджменттің жекеленген жүйесін қолданған кезде компанияда пайда болатын атқарымдық бытыраңқылықты ықшамдауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның қызметін жақсартуға қызметкерлер құрамын тартудың жоғары деңгейіне жетуге көсектеседі.  

Біріктірілген жүйе саясаты осы жылдың ақпанында енгізілді. «Сапаның ақпаратты орталығынан» келген маман-кеңесшілермен бірге әзірленген МБЖ құжаттамасы сәуірден бастап қолданылуда. Қазіргі уақытта компаниядағы біріктірілген жүйенің саясаты мен құжаты қолданыстағы төрт стандарттың саясаттарымен және құжаттарымен қатар әрекет етуде. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде сертификатталған аудиттен өтіп, МБЖ бойынша халықаралық сертификаттарды алған соң төрт стандарт бойынша қолданыстағы құжаттар, сондай-ақ төрт саясат басшылықтың тиісті бұйрығы бойынша жойылатын болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-да 2015 жылы бизнес саласындағы менеджменттің тауарлық белгісі ретінде "BPS" тауарлық белгісі тіркелген. Менеджменттің біріктірілген жүйесін сертификаттау өндірістік жүйені дамыту бойынша кезекті кезеңнің қорытындысын шығарады. 

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Сурет ашық интернет-көздерден алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу