Астанаға саяхатпен

21.06.2018

Бүгін 50 адамнан тұратын ардагер – кеншілер құрамы  Астанаға экскурсияға аттанды. «Богатырь Көмір» компаниясымен ұйымдастырылған тур , Астананың 20 – жылдығына сәйкес келіп, мәдени іс – шараларға толы болары анық.

Астанаға ардагерлер жабдықталған, жайлы «Вольво» автобусымен «Богатырь Көмір» қоғамдық қорының атқарушы директоры Наталья Энгельмен бірге барады. Көлікті ұйымдастыру, тамақтану, экскурсиялық бағдарлама  бойынша барлық шығындар «Богатырь Көмір» компаниясы өз мойнына алды. Астанаға келген соң ардагерлерді қала мен Есіл өзенін, «Хазрет – Сұлтан» мешіті, Успения кафедралы соборын аралап, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында өтіп жатқан әлемге әйгілі Третьяков галереясының көрмесін тамашалайды.

Сапарды Астана – бейбітшілік пен келісім сарайы сәулет ғимаратында естелік фотосуретпен тамамдайды.

 

Қанат АЛДАБАЕВ

Фотосурет «Богатырь Көмір» ЖШС –нің қоғамдық қорынан

 

Жаңалықтар тізіміне оралу