Тамаша әсермен оралды.

26.06.2018

Ардагер – кеншілеріміз «Богатырь Көмір» компаниясы басшылығының қаржылық көмегімен Астана қаласына ұйымдастырылған экскурсиядан оралды.

«Богатырь Көмір» кәсіпорын Қоғамдық қорының атқарушы директоры Наталья Энгель, экскурсия жетекшілері Татьяна мен Еленамен жайлы «Вольво» автобусында компанияның 50 ардагері Астана қаласына экскурсияға барып келді.

Астананың басты көрікті жерлерін аралағаннан соң, ардагерлер  ҚР Ұлттық  мұражайында болып, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетімен таныстыратын көрмені тамашалады. Сонымен қатар, француз суретші – стилисті Ламином М мен қазақстандық дизайнерлермен бірігіп жасаған ұзындығы төрт метрлік көйлектер көрмесін де аралады. 

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық мұражайда ардагерлер әлемдік көркем өнерінің алтын қорына енген әйгілі Третьяков галереясының көрмесін де тамашалап, әлемдік өнерден сусындады.

Астана қаласындағы турларында дәстүрге айналған рухани құндылыққа қол ұшын тигізіп, Хазірет Сұлтан мешіті мен Успения  кафедралды соборында болып қайтты. Ең қызықты сәттерін ескерткіш ретінде фотосуретке түсіріп, «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығына өз алғыстарын білдірді.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Фотосурет «Богатырь Көмір» Қоғамдық қорының мұрағатынан алынды. 


Жаңалықтар тізіміне оралу