Нық төрттік – тек басы ғана

25.06.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының «Белсенді көмір» командасы нық «төртке» лайық екендерін көрсетіп,  «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған КТК республикалық байқауына қатысты.  Жастардың жүлдегерлер үштігіне кірмей, төртінші орын алғандарына  қарамастан,  олардың  болашақта қатысатын КТК ойынына деген қызығушылығымен жалыны жоғалмады. Олардың  пікірінше, оңай жеңіс адамды дамытпайды және  өсірмейді. Олар өз көрермендерін жаңа күш-қуаттарымен қуантуға және әзілдеуге дайын екенін айтты.

Энергохолдингқа кіретін сегіз еншілес  кәсіпорындар қатысқан «Біздің күшіміз бірлікте» байқауы алғашқы рет өтті. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығының сахнасында көңілділермен тапқырлар Клубының қатысушылары  регламент бойынша тек қана мемлекеттік тілде ғана әзілдеу керек болатын. Ал шахтер КТК ойыншылары берілген параметрден өте алды десек те болады. Команда капитаны Манар Ерботина бастаған жастар қозғалысының төрағасы Асылбек Нұрғалиев, белсенді жас Владимир Тюлин, әншілер Дархан Төлеубаевпен Нелли Штрауб жүз пайызға бәрін ойнап шықты. Авторлық «богатырьлік» әзілдермен әндеріне көрермендер немқұрайлылық танытпады.

Өздерін көрсетіп және өзгелерге қарап, біздің КТК ойыншыларымыз жаңа идеяларға қанықты. Манар Ерботинаның сөзінше, «Белсенді көмірге» әсіресе кездесу жеңімпазы атанған  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің алматылық командасы ұнады. Жеткілікті жоғары деңгейдегі осындай іс-шараға қатысып, «Богатырь Көмір» компаниясының қатысушылары  бай тәжірибеге ие болды. Ал бұл тәжірибе, сөзсіз, оларға болашақта керек болатыны анық. Ұйымдастырушылар байқауды өткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды.

Әзіл сүйер біздің әзілқойларға моральды және материалды қолдауды «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаев және «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ төрағасы  Қайрула Туратаев көрсетті. Олардың өз басы ойынға қатысып, кеншілер үшін белсене  жанкүйер болды.

Марина Понкратова

Фото КТК байқауының қатысушыларынан

 

Жаңалықтар тізіміне оралу