Сындарлы кәсіподақ қозғалысы туралы

17.06.2018

Өткен жұмада «Богатырь Көмір» компаниясына Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тиникеев пен  «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің төрағасы Оразбек Бекбас жұмыс сапарымен келді.  

Іс сапары барысында кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары «Батыр Көмір» локальді кәсіподақ белсенділерімен кездесті. «Батыр Көмір» локальді кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайролла Тұратаев қонақтарға кеншілер кәсіподағының құрылымындағы өзгерістер, қолданыстағы Ұжымдық шарттың негізгі ережелері мен болашақққа деген  жоспарларымен бөлісті. Жыл басында құрылған қоғамдық бірлестік күні бүгінде өз қатарында алты мың адаммен толығып отыр және республикамыздағы ең ірі  кәсіподақтық ұйым болып табылады.  Ескере кететін жайтардың бірі - компания басшылығы еңбек ұжымының жаңа кәсіподақ құрып, «Қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағы» ҚБ құрамына енуін түсінушілікпен қабылдады.  «Батыр Көмір» локальді кәсіподағын еңбек ұжымының заңды өкілі ретінде мойындап, кәсіпорын әкімшілігі 2021 жылға дейін бекітілген Ұжымдық шарттың қолданыста екенін растады. 2017 жылы қол қойылған Шарт  қызметкерлердің құқығы мен базалық әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтті. Қолданыстағы Ұжымдық шарт республика бойынша ең үздіктердің қатарында болуы сәйкестік емес. «Батыр Көмір» локальді кәсіподақ ұйымының төрағасы өз сөзінде, серіктестік әкімшілігі мен кәсіподақ ынтымақтастығының сындарлы сипатта екенін атап өтті. 

«Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас кездесу қатысушыларын кәсіпорынның еңбек ұжымын кәсіподақ бірлестігіне және жұмыс берушімен тығыз қарым – қатынасты жақсартуға, нығайтуға шақырды. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тиникеев кәсіподақ ұйымы қызметін заманауи жаңа көзқараспен қарастыруға аса көңіл бөлді.  Еліміздің кәсіподақ ұйымдарына жаңа формациядағы көшбасшыларды тәрбиелеуді бастап, бытыраңқылы салалық кәсіподақ шырғалаңынан шығуға шақырды. 

Аппарат басшысы Дастан Жарқымбекұлы қонақтарға сапары үшін ізгі ниетпен  ризашылығын білдіріп, компания басшылығы кәсіподақпен ашық диалог құрып, кәсіпорын еңбек ұжымының игілігіне арналған кез – келген бастаманы талқылауға әзір екенін жеткізді. 

Жұмыс сапары марапаттау салтанатымен аяқталды. Кәсіподақ күні және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-нің технологиялық көлік басқармасының өндірістік бақылау қызметінің жетекші инженері Филатова Ирина, еңбек ардагері Махамбетов Уразбай, «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Умбеталиев Канлыбай  «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы кәсіподақ федерациясының басшылығы атынан «Батыр Көмір»  локальді кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайролла Тұратаевқа Астана символы болып табылатын Бәйтерек мүсіншесі табысталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы атынан Дастан Жарқымбеков және  «Батыр Көмір» локальді кәсіподақ төрағасы Тұратаев Қайролла өз кезегінде естелік кәдесыйларды табыстады.

Канат АЛДАБАЕВ

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.  

 

Жаңалықтар тізіміне оралу