«Богатырь Көмір» ЖШС-нің техникалық паркі жаңартылуда

15.06.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының техникалық паркі жүк көтергіші 136  тонналық жаңа «БелаАЗ - 75131» маркалы ауыржүктасығышымен толықты. ТКЖЖ зауыты мамандарының монтаждауымен ең бірінші көптонналық - маусымның басында пайдалануға берілді, кезекте тағы да үш белорустік автокөлік тұр. Қазірдің өзінде де екінші ауыржүктасығыш машинасын монтаждау жұмыстары аяқталып қалды. Үшінші машинаны жинақтауға қажетті агрегаттар мен құрамдаушы бөлшектер келіп түсті. Соңғы төртінші машинаның құрамдаушы бөлшектер жиынтығы жақында келіп түседі.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің Технологиялық көлік басқармасының технологиялық автокөлік цехінің бастығы Ермек Амировтің айтуы бойынша,  кәсіпорынның автомашина паркін жаңартуы кәсіпорынның өндіріс көлемінің ұлғаюы мен болашаққа жақсы қарқынның дәлелі деп біледі.

Жаңа машиналар жоғары технологиялық сипаттама мен сенімділігімен ерекшеленеді. «БелаАЗ - 75131» жетілдірілген қозғалтқыш бөлігімен, берік қаңқа және өздігінен аударып түсіргіш механизмімен, рөл басқармасы механизімінің бұрылуы жетілдірілген.

Келіп жеткен техниканы монтаждауда ТКЖЖ зауытының мамандары мен шығарушы – зауыт кеңесшілерімен қатар машина экипажы да қатысуда. Жаңа машинамен жұмыс жасаудағы  қуанышын отыз жыл еңбек өтілі бар жүргзуші Лабудько Юрий Владимировичте өз қуанышын жасырмады:

- Өз жұмысымды жүк көтергіші 30 тонналық  «БелАЗда» бастадым.

Соңғы онжылда борттық нөмірі 119 «БелаАЗ - 75131» жүргізудемін. Енді міне жаңасын берді. Өте ризамын, машина тыңғылықты жасалған – мониторы мен  жарық түсіру жүйесі жақсартылған, жүрісі жеңіл, басқаруға ыңғайлы. Жалпы барлығы көңілімнен шықты. Жаңа машинамен бірінші болып ауысымға шығу құрметі маған бұйырды. Көңіл күйім тамаша. Осындай керемет техниканы алғандары үшін Компания басшылығына алғыс айтамын.  

Канат АЛДАБАЕВ

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

 

Жаңалықтар тізіміне оралу