«Самұрық-Энерго» басшылығының «Богатырь» кенішіне келуі

13.06.2018

Ағымдағы жылдың 2 маусымында жұмыс сапарымен «Богатырь Көмір» ЖШС-іне «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы Алик Айдарбаев, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Жоламанов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының мүшесі, өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Тютебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Ербол Сарманбетов келді.

Сапар барысында энергохолдинг басшылары «Богатырь» кенішінің өндірістік алаңында болып қайтты. Әрі қарай жиналыс барысында Р.Сансызбаевпен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің негізгі өндірістік көрсеткіштері және дамудың келешектегі жоспарлары, сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған жобалар  талқылауға  ұсынылды.

Іс-шара қорытындысын шығара отыра, А.Айдарбаев, авариялық салдарынан тоқтап қалуларын қоспағанда, технологиялық жабдықпен көліктің жоспарлы көрсеткіштерге ауысудың, өндірісті автоматтандырумен көмір шығарудың озат технологияларын енгізудің, қызметкерлерді ынталандырудың қажеттілігін, еңбекпен демалыстың лайықты жағдайын құрудың маңыздылығын атап өтті.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі

Фотосурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу