«Суық болды, бірақ біз тырыстық…»

14.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының футболистері, шабуылшы Мұрат Ахметшәріпов және қорғаушы Алмас Қасенов Сібір-2018 Энергетика Кубогына шағын футболдан халықаралық турнирден келді. Олар Новосібірден жүлделі екінші орынды әкелген, жарыстарда сәтті сынға түскен «Самұрық-Энерго» энергохолдингісінің құрама команда намысын қорғады.

- Жеңістің 75-жылдығын мерекелеуге арналған турнирға Ресей және Қазақстан отынды-энрегетикалық кешенінің 16 командасы қатысты,- дейді өз әңгімесінде Алмас Қасенов. – «Самұрық-Энерго» командасының құрамында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-імен біздің компания футболистері ойнады.

«Самұрық –Энерго» АҚ жаттықтырушы Ануар Турлубаев дайындады. Жарысқа футболистердің дайындығын және шығуын қамтамасы ету бойынша Басқарушы директор Ербол Сарманбетов және «Самұрық-Энерго» АҚ Әкімшілік департаментінің өкілі Азамат Болатов қамтамасыз етті. Олар Сібір астанасында командамен ілесіп жүріп,  қолдап отырды.

- Біз құрамаға сәуірде Астанада өткен іріктеу ойындарының нәтижелері бойынша тап болдық. Турнирға шығар алдында астанада бізде үш күндік техникалы-тактикалық және дене шынықтыру дайындықтары өтті. Одан кейін біз Новосібірге ұштық. Бізді суық әрі дымқыл ауа райы қарсы алды. Ойындардың барлығы бір күнде 5 мамырда сағат таңертеңгі 9-дан бастап кешкі сағат 5-ке дейін  үлкен ашық стадионда өтті. Сол күні жаңбырмен қар жауып тұрды және қатты жел соқты. Біздің команда жалғыз. шортыда ойнағандар болды. Қалған барлық футболистер ауа райының қолайсыздығынан трикомен бас киім астына тығылды. «Жалғыз қазақтар ғана шортыда жүр!» ,- деп біз өзара қалжыңдастық. Үзілісте лимон қосылған шәймен жылындық. Масқара суық болды, бірақ біз тырыстық...

Самұрық-Энерго» құрамасы төрттікте бірінші орынды жеңіп алды. Турнир кубогы үшін матчта қазақстандық энергетиктері «Сібірэнергосервисімен» кездесіп, 0:0 есебімен тең түсумен, бәсекелесі - Оралдың ТЭК саласындағы мықты командасына лайықты тойтарыс берді. Кубок иегері  3:2 турнир иесінің пайдасына матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды.

Алмас Қасеновтың айтуынша,  қазақстандық ойыншыларға бұл ойын ең жарқын және ұмтылмас әсер қалдырды. Айтпақшы, «Самұрық-Энерго» құрамасының өзі де ресейліктерге позитивті әсер көңіл-күй қалдырды.

- Турнирдің құрметті қонағы ретінде  өткен жылдардың әйгілі футболисімен жаттықтырушысы, ал қазіргі таңда тәжірибелі маман және ресейлік премьер-лига сарапшысы  Валерий Непомнящий болды. Ол біздің командаға риза болып қалды, комбинациялы көріністі ойын үшін мақтау айтып, бізді ойындарға тағы қатысуға шақырды.

Сібір-2018 Энергетика Кубогы артта қалды. Бірақ спортшыларға демалысты ойлауға әлі ерте. Жақын күндерде Мұрат Ахметшәріпов  «Сайран» астаналық команда құрамымен әуесқойлар арасында футболдан клубтық Әлем Чемпионатында біздің республикамыздың намысын қорғауға Барселонаға жол жүріп кетті. Спортшымызға сәттілік тілейік!

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Фотосурет  «Самұрық - Энерго» құрама командасының мұрағатынан.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу