Еңбек қауіпсіздігі бойынша айлық басталды

03.04.2018

«Богатырь Көмір» компаниясы көптеген жылдар бойы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында қабылданған менеджмент жүйесін дамытуға ықпал ете отырып Халықаралық еңбек ұйымының бастамашылығына қолдау көрсетуде. Кәсіпорында жыл сайын 28 сәуір – Халықаралық еңбекті қорғау күніне ұштастырылған айлықтар өткізіледі.

Биыл айлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін «1996 жылдан 2017 жылға дейін «Богатырь Көмір» ЖШС-да еңбекті қорғауды басқарудың жүйесі» атты бейнеұсынумен басталды, себебі осы адамдарға жұмыс үдерісін ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілік жүктелген.

Алдағы апта ішінде айлыққа кәсіпорынның қатардағы жұмыскерлері мен олардың балалары қосылады. Компания басшылығы ең белсенді өндірістік учаскелер мен цехтарды, сондай-ақ техника қауіпсіздігін мүлтіксіз сақтайтын кеншілерді сыйлықақылармен көтермелейді. «Богатырь Көмір» ұжымы өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету саласында білімін тексеруден өтеді.

Балалардың көзқарастарымен техника қауіпсіздігін сақтау балалар суреттерінің конкурсында байқалады. Өз өмірлерін көмір кенішіне арнаған ата-аналардың балалары өздерінше балалық пәктікпен ересектерге үлкен өндірісте жұмыс істей отырып өз денсаулықтары мен өмірлерін қалай сақтаулары керек екендігін айтып береді. Үздік жұмыстар да ақшалай сыйлықтармен ескеріледі. 

Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау жөніндегі басқарманың басшысы Игорь Поповичтің айтуынша өндірістегі қауіпсіздік мәселесі әрдайым көкейтесті болып қалады, себебі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі адамдық фактор болып табылады.

 «Богатырь Көмір» компаниясы құрамына қауіпсіздіктің 10 «алтын ережесі» кірген, 2013 жылы әзірленген еңбекті қорғауды басқарудың жеке жүйесімен (ЕҚБЖЖ) бірге өткізілген іс-шаралар бұдан әрі жазатайым оқиғалардың санын қысқартуға және жарақат деңгейін төмендетуге ықпал ететіндігіне сенімді. 

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК

 

Жаңалықтар тізіміне оралу