Аттестат алды

30.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының оқу-курстық комбинаты (ОКК) тау-кен рудасы мен отын-энергетикалық салалардың қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін мамандарды даярлау мен қайта даярлау құқығына аттестат алды.

ОКК өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлерді даярлау мен қайта даярлау бойынша қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін рұқсат құжаттарын 2000 жылдан бастап бір жылдық немесе бес жылдық мерзімге үнемі алады. Осы жолы берілген аттестат 2023 жылға дейін жарамды болады. Өткен жылдардағыдай бұл құжатты алу үшін оқу комбинатының әдіскерлері үлкен жұмыс жүргізді. Сарапшылар оған жоғары баға берді.

«Богатырь Көмір» ЖШС ОКК қызметінің негізгі бағыты жұмысшы мамандығы бойынша даярлау мен қайта даярлау және серіктестік басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру болып табылады.

ОКК қызмет еткен мерзімде жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мәселелерін ең аз шығынмен және сапалы, қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік беретін оқытудың маневрлік коропоративтік жүйесі құрылған. 2016 жылдан бастап серіктестікте жұмыскерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған оқу іс-шараларының диапазонын кеңейтетін, оқытудың транспарентті интеграциялық үлгісі енгізілді.

Оқытудың біріктірілген әдісін енгізу мен дамыту оқушылар дайындығының деңгейі мен сапасын көтеруге, өндірістік үдерістерге оқушылардың бейімделу мерзімін қысқартуға, оқу үдерістері субъектілерінің қызығушылықтары мен жауапкершіліктерін көтеруге мүмкіндік берді. Әзірленген нормалар, әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар жұмыс кәсібінің 157 атауы бойынша тікелей өндірісте оқу үдерістерін ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. 2017 жылы ОКК әдістемелік кабинеті компанияның бас мамандарымен бірге 468 оқу бағдарламасын дайындады.

Кәсіпорында қолданылатын қашықтықтан оқыту жүйесі өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында Еңбек Кодексінің талаптарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін үйренуге бағытталған бірқатар оқу жобаларын қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Былтырғы жылы қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу іс-шараларын 4000 аса адам аяқтады.

Корпоративтік жүйедегі маңызды құрастырушы бөлік ретінде үздіксіздік қағидасында құрылған өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыскерлерге міндетті оқыту жүргізуді ұйымдастыру болып табылады. 

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің ОКК өз жұмысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттар мен қолданыстағы заңнамалық актілерді басшылыққа алады.

Жазып алған Марина Понкратова.


Жаңалықтар тізіміне оралу