Богатырлық әлем чемпионы

28.05.2018

Мұрат Ахметшариповтың аты біздің қаламыздың футбол жанкүйерлеріне ғана танымал емес, себебі ол жуырда «Экибастуз» бас футбол командасының абыройын намыспен қорғап келді. Бүгін Мұрат «Богатырь Көмір» компаниясында еңбек етуде және «Сайран» астана клубы негізінің ойыншысы болып табылуда. Жуырда ол «Сайран» астаналық команданың құрамында Ллорет де Мар Испан қаласында өткен әуесқой командалар арасында футбол бойынша әлем клубтық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Алыс жол мен бейімделуге байланысты қиындықтарға қарамастан жігіттер қарсыластармен болған күрделі ойында әлем чемпионының құрметті атағын жеңіп алды.

Топтық кезеңде біздің футболшылар Эквадор құрамасына 7:1 есебімен ойсырататын соққы берді, қажырлы күресте американдықтардан жеңіліс тапты, шешуші ойында 9:1 есеппен жеңіп шығып австралиялықтарға мүмкіндік бермеді. 

«Сайран» жартылай финалда астаналықтардан 3:2 есеппен жеңіліске ұщыраған алаң иелерімен кездесті. Қорытындылаушы ойында біздің футболшыларымыз ойынның аяқталуына сегіз минут қалғанда шешуші гол соқты да былтырғы жылдың чемпиондары – Бразилия командасынан 4:3 есеппен жеңісті тартып алды.

Мұрат Ахметшариповтың айтуынша қазақстандық команда чемпионатта ешкімге белгісіз болды, сондықтан әуесқой лига командаларының арасында өткізілген әлем Кубыгында қазақстандықтардың зор жеңіске жетуі нағыз таңғаларлық оқиға болды.

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Мұрат АХМЕТШАРИПОВТЫҢ жеке мұрағатынан алынған.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу