Жобалар қаралды

23.05.2018

"Богатырь Көмір" компаниясында сыйлықақы беруге жататын, өндірістік үдерістерді үздіксіз жақсарту жобаларын қарастыру бойынша кеңес өткізілді.

Бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров төрағалық еткен комиссия кәсіпорын қызметкерлерімен іске асырылған А3 және  Lean Six Sigma 11 жобасын қарастырды. Олардың үйлестірушілері  Дмитрий Левдонский, Қуандық Қабышев, Мақсұт Жапашев, Владимир Павленко, Сұлтан Бұрамбаев, Галина Дубровская, Александр Ломакин, Татьяна Журавлева, Елтай Болпақов және Юлия Агилова болды. Бұл жобалар мұқият зерттелген соң өндіріске енгізілді және жарты жылдың ішінде тұрақты экономикалық нәтиже көрсетті. Сондықтан олардың барлық қатысушыларына  сыйлықақылар берілетін болады.  

BPS стратегиялық даму тобының басшысы Олеси Ковтунның айтуынша бір жылда комиссияның қарауына 40-50 жоба беріледі, оларды кәсіпорынның өндірістік үдерістерінде іске асыру үздік нәтижелерді көрсетті.

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА.

Жаңалықтар тізіміне оралу