Кубок біздікі!

22.05.2018

Ауа райының салқындығына қарамастан өткен демалыста «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорт-сауықтыру кешенінің футбол алаңында барынша ыстық болды. Бұл жерде спорттық қозғалысты ұйымдастырушы, кешеннің құрылуына бастамашылық көрсеткендердің бірі болған Александр Богураевты еске алуға арналған шағын-футбол бойынша ашық Кубок өтті. 

Биылғы жылы үшінші рет өткізіліп отырған Богураевты еске алудың өңірлік турнирі ардагерлердің сегіз футбол командасын жинады. Оған екібастұздық құрамалардан басқа Павлодар қаласынан келген қонақтар да қатысты.

Бірінші күні командалар шағын топтарда бірнеше кездесулер өткізді. Келесі күні өткізілген жартылай финалды жарыстардағы айналмалы ойындар сериясынан соң алаң иелері, павлодарлық «Мұрат», «Достық» және «Казпрофтранс» («Қазақстан темір жолы» АҚ) шықты. Турнирдің финалында «Богатырлық» футболшылар және былтыр жеңіске жеткен павлодарлық қонақтар кездесті. Бұл жолы кеншілердің жолы болып, Кубок өздерінде қалды. Богатырлықтар қарсыластардың табанды қарсылықтарын жеңе отырып жалғыз жеңіс голын соқты да турнир жеңімпазының құрметті атағын жеңіп алды. «Богатырдың» құрамында Виталий Колесников, Александр Петров, Константин Кузьменко, Виталий Решетников, Раиф Тукаев, Виталий Спарышев, Виталий Кобыльченко, Сергей Царик, Арман Оспанов, Александр  Камардин, Дмитрий  Минаков және Михаил Иванов ойнады.

Үшінші орын «Достық» құрамасына берілді, теміржолшылар төртінші орынға ие болды. Төреші комиссияның шешімі бойынша жартылай финалға шыққан барлық командалар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу