Мемлекеттік тілді үйрену курсына қатысушылар ынталандырылды

18.05.2018

«Атамұра» қалалық мәдениет орталығында «Богатырь Көмір» кәсіпорны ішінде арнайы ұйымдастырылған мемлекеттік тілді жақсы меңгерген компания кеншілеріне, тіл саясатын дамытуға үлес қосқан қызметкерлерге дәстүрлі түрде құрмет көрсету өткізілді.

Компанияда Қазақстан халқының тілдері Күніне, Тәуелсіздік Күніне, Наурыз меркесіне арнап іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің арнайы жабдықталған қазақ тілі кабинеті Екібастұздағы ұйымдар мен кәсіпорындардың арасында жыл сайын өтетін қалалық конкурстың нәтижесі бойынша бірнеше рет үздік кабинет атанды. Компания басшылығы ел Президентінің тіл саясатын қолдайды, қазақ тілін үйрену бойынша жыл сайынғы экспресс-курсты аяқтаған қызметкерлерді ынталандырып отырады.  

Биылғы жылы оқуды аяқтаған 38 оқушы сертификат алды. Олардың ішінде былтырғы жылы алған білімін бекіту үшін қайта курстан өткендер болды. Курсты аяқтаушыларды «Богатырь Көмір» локалды кәсіподағының төрағасы Қайролла Тұратаев және Екібастұз қаласы әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы Виктория Камалетдинова құттықтады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға белсене қатысқан 30 қызметкерінің ішінде азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының бас техникалық басшысы Игорь Попович болды. Былтырғы жылы ол қала әкімдігі бастамашылық еткен, мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұл өкілдері туралы «Бір соғып 1001 ұлттың жүректері» атты қалалық телевизиялық бағдарламаға қатысқан. Бұл бағдарламаның сюжеті осы салтанатты іс-шарада көрсетілді. Компания басшылығының өкілі оқу бағдарламасын сенімділікпен меңгере отырып өзі де бірнеше рет тіл курстарына қатысқан.  Ол тілді үйрену үшін жас ерекшелігінің де бастапқы деңгейді меңгерудің де маңызды емес екенін өз тәжірибесінде көрсетті. Барлығы да адамның қалауында. Сондықтан келесі жылы мемлекеттік тілді дамыту тобының басшысы Манар Ерботина және қазақ тілі мұғалімі Жәмилә Әбілова мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген қызметкерлерді жаңа курсқа жинайтын болады.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу