Жаңа жетістіктермен

16.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында президенттік жазғы көпсайыс бойынша жарыстар өткізілді.

Жарыстар төрт спорт түрі бойынша өткізілді: 50 метрлік қашықтыққа жүзу, 60 м қашықтыққа спринт-жүгіру, кросс: ерлерде 2 км. және әйелдерде 1 км., граната лақтыру.

20-дан 29-ға дейінгі жастағылар арасында жеке есепте Руслан Календеров пен Анна Склярова жеңіске жетті, екінші орынға Иван Колосов пен Виктория Ляшенко ие болды, үшінші орын Никита Тур мен Хуанган Айжарыққа берілді.

30-дан 39-ға дейінгі жастағы спортшылар арасында Максим Уренцов пен Евгения Ваганова құрмет тұғырының жоғары деңгейіне көтерілді, Юрий Воробьев пен Светлана Швецова «күміс» иегерлері атанды, Тілеген Увсбай мен Әсел Бейсеқұлова үшінші орынды иеленді.

Александр Рожков пен Светлана Задорина 40-тан 49-ға дейін жастағы топта көшбасшылық етті. Нұрлан Мұқашев пен Гүлсім Әбдіқалықова күміс жүлдегер атанды. Александр Подлесный мен Елена Цымбал қола медаль алды.

50-ден 59 жасқа дейінгі қатысушылар арасында Нүркен Бакишев пен Елена Нападовская чемпион атанды, екінші орын Тахир Ілиясов пен Сара Прокофьеваға бұйырды, Игорь Корнилов пен Инесса Суханова «қола» медаліне ие болды.

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу