«Богатырлықтардың» қатары толықты

14.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының №2 энергошаруашылық учаскесінің бастығы Виталий Лукьянчук пен оның жұбайы Олесяның 23 сәуірде Савелий деген ұлдары дүниеге келді. Богатырлық сәбидің салмағы 6 кг жуық болмағанда бұл оқиғаның ешқандай ерекшелігі болмас еді.

Жас әкенің айтуынша баланың ірі болатынын олар алдын ала білген. Дәрігерлер сәбидің салмағы 4 килограмға жуық болады депті. Сондықтан жас ата-аналар, олардың туысқандары мен таныстары батыр – ұл туғанда таң қалды. Қазір Савелий Витальевич анасымен үйде. Өздерін жақсы сезінеді.

Отандық және әлемдік перзентханалардың статистикасы ақырғы кезде салмағы үлкен балалар жиі туатынын айтты, соған қарамастан олардың дүниеге келуі таңдануға себеп болып отыр.  

Бүгінгі күні интернет-ресурстардың деректері бойынша 8,7 кг салмақпен 2009 жылы Суматреде туған Мұхаммад Акбар Рисуддин әлемдегі ең ірі сәби болып табылды.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Лукьянчуктардың жеке мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу