Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

28.04.2018

Құлпырған гүлшоқтары, жан жылытарлық жылы сөздер мен түрлі түсті әуе шарлары – «Богатырь Көмір» компаниясында 40 жылдан астам уақыт қызмет атқарған бас бухгалтер орынбасары Елена Узакованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

1957 жылы Павлодар политехникалық техникумын тамамдаған соң, Елена Ахметовна сол кездегі «Экибастузуголь»  өндірістік бірлестікке бухгалтер болып жұмысқа орналасты.  Сол кезден бастап, өз өмірі мен мансабын көмір кәсіпорынымен байланыстырды.

Елена Узакованың басшылығымен компанияның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша  орасан жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, кәсіпорында жас бухгалтер – мамандарды дайындап, тәлімгерлік қызметпен белсенді түрде айналысты.

Елена Узакова жігерлі, ынталы және еңбек сүйгіш адам. Компания алдындағы қызметі үшін «Еңбек Даңқы» белгісінің  барлық деңгейімен марапатталды.

Кәсібилік, ықыластық пен бірбеткейлігі үшін ұжымда сыйлы. Бірнеше онжылдық бірге жұмыс жасаған көптеген әріптестері сыйластықтарын құттықтауларымен білдірді. 

 Елена Ахметовнаны зейнеткерлік демалысқа шығуымен «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаев, бас директор орынбасары - қаржы директоры Николай Корсаков, бас бухгалтер Венера Ашикбаева, құқық басқармасының бастығы Александр Янченков сонымен қатар компанияның басқа да қызметкерлері құттықтады. 

Салтанат иесі жиналғандарға өз алғысын білдіріп, дебет, кредит пен аудиторлық тексерістерден зейнеткерлік демалыста болса да бухгалтерияға қатысты қиын мәселелер туып жатса кеңесімен көмектесуге әзір екенін айтты.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу