ТҚ-2018 білгірлері аталды

19.04.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормативтік құжаттарды бәрінен жақсы білетін жұмыскердің аты аталды. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлықтың аясында «Богатырь Көмір» оқу-курстық комбинатында 17 сәуірде өткен кезекті конкурс білгірді анықтауға көмектесті.   

Кең аудитория, парталар мен төрешілер үстелінде отырған комиссия мүшелері – конкурстық орта оқу орнындағы емтихан күндерін еске түсірді. Биылғы жылы жиырмадан асатын қатысушының болмашы қобалжулары сезіліп тұрды. Олардың барлығы кәсіпорындағы қауіпсіз жұмыс үшін ең маңызды аспектілерді білуден емтихан тапсырады.  Қаламсап немесе қарындаш, 30 сұрақтан тұратын тесттері бар парақтар және жарты сағат – бұның барлығы конкурстың негізгі міндеттерін орындауға арналған олардың шағын арсеналы.

Уақыт өткен соң комиссия мүшелері жұмыстарды жинап алып, оларды бағалады және нәтижелерін шығарды. Конкурсты ұйымдастырушылардың бірі және қоса атқару бойынша комиссия мүшесі, АҚ және ЕҚ жөніндегі Басқарманың қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бас маманы Светлана Лазаренко жүлдегерлердің балдар саны бойынша таңдалғандарын айтты. Даулы сәттерде тапсырманы орындау уақыты есепке алынды.  

«Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Владислав Сартаков, Бас энергетик қызметінің шағын станцияға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Валентина Устименко мен техникалық дирекцияның техник – лаборанты Зәуре Төлебаева 28 балл жинады. Олар үшін шешуші уақыт болды. Ол Владиславқа қауіпсіздік және еңбекті қорғау – 2018 бойынша нормативтік құжаттарды білуден үздік жұмыскер атағын әкелді. Валентина Устименкоға екінші орын, Зәуре Төлебаеваға үшінші орын берілді.

2013 жылдан бастап жергілікті және қалалық деңгейлердегі осындай конкурстардың дүркін-дүркін жүлдегері Валентина Устименко өзінің әсерлерімен бөлісті:

- Тест сұрақтары өз жұмысын жақсы білгендерге күрделі емес. Олар өрт қауіпсіздігіне де, зардап шегушілерге алғашқы мединициналық көмек көрсетуге де, әсіресе біздің кәсіпорын сияқты ірі өндірісте жұмыс істейтін әр адамның білуі қажет басқа да сәттерге қатысты болды.

Айлықтың соңында салтанатты жиналыста жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар берілетін болады. Төрешілер алқасы тестілеуде 25-26 балл алып жақсы нәтижелер көрсеткендерге де ынталандыру сыйлықтарын беру туралы шешім қабылдады.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу