«Медицина – экскаватор емес!»

19.04.2018

17 сәуірде «Богатырь Көмір» компаниясының оқу-курстық комбинатында өткен дәрігерге дейінгі көмек көрсету конкурсына қатысқандар «Медицина – экскаватор емес!» - дейді. Осыған қарамастан, кеншілердің өздері оның қыр-сырын білулері қажет. Өндірісте неше түрлі оқиғалар болуы мүмкін және көбінесе осы минуттар адамдың тағдырын шешеді. 

Бірінші кезеңде екі адамнан тұратын сегіз қатысушы команда конкурстың теориялық бөлімінен өтті. Тест тапсырмаларын орындауға 20 минут берілді. Сосын ең қызықтысы басталды – компанияның әртүрлі бөлімшелерінің бірігіп жұмыс істейтін қызметкерлеріне өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын көрсету ұсынылды.

ЕКИТИ үшінші курсының тәжірибеден өтушісі, болашақ  маркшейдер, «зардап шегуші» Сергей Никулиннің конкурс кезінде 8 жері сынды және аяқ-қолының 8 жерінен қан кетті. Ол өз рөлін шыдамды түрде атқара отырып осындай жарақаттары бар адамға дұрыс көмек көрсетуді есіне сақтағанына сенімдіміз.

Команда әрекеттерінің дұрыстығы мен бірізділігін, жұмыстарының реттілігі мен тапсырмаларды орындаудағы жылдамдылығын ОКК-нің, «Богатырь Көмір» компаниясының қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің, «Богатырь Көмір» локалды кәсіподағының және «Казанада» ЖШС-нің  өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия бақылады. Әр көмек көрсету көрінісінен соң төрешілер алқасы қатысушылардың дұрыстығын қолдады немесе олардың қателерінің неге әкеліп соқтыратындығын түсіндіріп, көрсетті.

«Казанада» ЖШС-нің фельдшері Александр Капафанасидің айтуынша барлық командалар зардап шегушінің жағдайын қалай жеңілдету керектігін және жедел медициналық көмек бригадасын тосқанда алынған жарақаттың асқыну қатерін төмендетуді жақсы білді. Қобалжулары мен қателіктеріне қарамастан олар адам өмірін сақтап қалуға көмектесе алады. Парамедиктердің қатысуымен жыл сайын оқу-курстық комбинатта өтетін курстарға жұмыскердердің қатысулары оң нәтижелер берді.

Бас энергетик қызметінің командасы – Евгений Беляев пен Денис Зайкин ең білікті команда деп танылды. Конкурста екінші орынға ОКК – Гүлжанат Билялова мен Антонина Починок ие болды. Жүлдегерлер үштігін БЖКБ жұмыскерлері Олеся Мельник пен Тұрсынғали Нұрғалиев тұйықтады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша айлық аяқталған соң барлық жүлдегерлер мен конкурсқа қатысушыларға ақшалай сыйақылар мен ынталандыру сыйлықтары берілетін болады.

 Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу