Жүлде жеңімпаздарын анықтады

26.04.2018

21 сәуірде  компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде құрылымдық бөлімшелердің құрама командалары арасында шағын футболдан «Богатырь Көмір» ЖШС ЖҮЛДЕСІ өтті.

Ойындарда 12 команда қатысты: Аршу кешені, ТКЖЖзауыты, атқарушы аппарат, «Ударная» ЖҚД, ШЖУ-2, БЭҚ, «Октябрьская» ЖҚД, жол-2, жол-8, «Богатырьская» стансасы, СОБ-1 және ТЖЖЖД.

Өткен турнир Жүлде жеңімпазын анықтады. Ол «Богатырь» кенішінің аршу кешені командасы атанды. Команда құрамында ойнағандар: Ерлан  Хамитов, Ергалий Пушканов, Дамир Данияров, Руслан Календеров, Максим Бакланов, Анвар Зейнулин, Нұрлан Дүйсембаев, Андрей Зайцев және Азамат Күлжамбеков. Екінші орынға атқарушы аппараттың футболистері ие болды: Жасұлан Досумов, Нұржан Батырханов, Дастан Рахманқұлов, Төлеген Мұқанов, Данияр Жаудин, Марат Қадауов, Марат Әкімжанов және  Болат Козыбаев.

Жүлдегерлерді компания басшылығы атынан әлеуметтік даму Басқармасының бастығы Бейбіт Мұқашев және Аршу кешенінің бастығы Серік Саттаров құттықтап,  ақшалай сыйлақтар табыс етті.

Жазып алған Марина Понкратова

Сурет Олег Мальчуктікі

 

Жаңалықтар тізіміне оралу