Жоғары баға берді

24.04.2018

20 сәуір күні «Богатырь Көмір» ЖШС-іне Павлодардан қонақтар келді. Павлодар облысының еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов бастаған облыстық орталықтың 40-қа жуық кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі өкілдерінің делегациясы компанияның  Оқыту-курстық комбинатын аралап, көмір шығаратын өндірісте еңбекті қорғаудың ұйымдастыруымен танысты.

Таң қаларлық жайт, еңбек басқармасы мамандарының айтуынша, Павлодарда энергетикалық астанада секілді бірде бір осы тәрізді жоғары деңгейде кадрларды даярлаудың оқыту орталығының болмауы. Сондықтан болар облыстағылардың жұмыс сапарының бағыты  кездейсоқтық емес. Екібастұзда олар қалалық кадрларды даярлау орталығымен республика бойынша ең үздік болып саналатын «Богатырь Көмір» компаниясының Оқыту-курстық комбинатына ат басын тіреді. Сапарлары мақсатының көп бөлігі өндірістік жарақаттануды алдын алу саласындағы  осы оқу орындарының жұмыс тәжірибесін меңгеру болды.

«Богатырь» кенішінің байқау алаңында  қонақтарды  көмір шығаратын кәсіпорынның азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау бойынша Басқарманың бас техникалық басшысы Игорь Попович қарсы алды. Ол өндірісте жазатайым оқиғалардың санын едәуір төмендетуге мүмкіндік берген, соңғы жылдар ішінде атқарылған  жұмыстар туралы шағын тұсаукесер өткізді.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік тақырыбын Оқыту-курстық комбинатында (ОКК) талқылауды жалғастырды. Оқу кластарымен Еңбек даңқы мұражайын аралап болған соң, ОКК бастығы Любовь Шарипова дөңгелек үстел барысында жиналғандарға оқытудың  қолданыстағы корпоративті жүйесі, оның ішінде  серіктестік жұмысшыларының өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша білімдерін тексеруді және нұсқаулық беруді,  міндетті оқытуды ұйымдастыру туралы әңгімелеп берді.

 18 жыл жұмыс жасау кезінде ОКК басқарушылық құрамы  өзге жұмысшылармен тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісе отыра, өздері де өз кәсіби құзыреттілігін арттыратын  серіктестіктің жоғары білікті жұмысшыларын оқу іс-шараларына қатысуға тартуға мүмкіндік беретін оқытудың интеграциялық моделін құрай алды. Компанияда құрамның барлық санаттарының білім деңгейлерін үнемі арттыруға бағытталған үздіксіз оқыту ұстанымы әрекет етеді. Маманды жұмыстың белгілі бір түріне дейін жіберу үшін, ең алдымен, міндетті түрде оның дайындық деңгейін бағалайды.

«Богатырь Көмір» компаниясының Оқыту-курстық комбинаты республикалық деңгейде танылған, өндірісте тікелей оқытудың мобильді жүйесін құру бойынша күрделі жұмыстар атқарды. «Адам ресурстарын басқару: НR инновация» VI Халықаралық конференциясы аясында, «Союз» «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатаның, Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігінің ресми қолдауымен өткен  «Сенім-2010» байқауында  Оқыту-курстық комбинатының «Богатырь Көмір» ЖШС құрамды оқыту және дамыту» жобасы ең үздіктердің бірі болып танылды.

Жоғары бағаны,  сапар барысында естіп, көргеннен үлкен әсер алған «Богатырь Көмір» ЖШС қонақтары да берді. Павлодар облысының еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов павлодар кәсіпорындарының өкілдері көмір шығаратын компанияның тәжірибесін өз өндірістерінде қолдана алатындарына сенім білдірді.  

«Қазақстан Алюминий» АҚ ЕҚ және ҚТ департаментінің бастығы Мейрам Ілиясов:

- Мені өндіріс көлемі таң қалдырды және компанияның Оқыту-курстық комбинаты қуантты. Кәсіпорын ауқымдылығына қарамастан, мұнда ірі өнеркәсіптік нысана қызметінің барлық бағыттарын қамтыған жүйе құрылған. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, өндірістік оқыту – мұның барлығы біріккен және өзара әрекет етуде. Біздің компанияның оқыту орталығының жоғары басшылығымен және мамандарымен, біз, өз компаниямызда осыған ұқсас жүйені енгізу мәселесін шешетін боламыз. «Богатырь Көмір» ЖШС-інде біз көргеніміздей, тәжірибелі, жоғары білікті мамандардың болуы және өндірістік жарақаттану деңгейінің төмендеуі кез келген өнеркәсіптік нысананың  басымдылығы болу керек.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет  Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу