Қарандаштағы ЕҚ және ҚТ

20.04.2018

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне «Богатырь Көмір» компаниясында өткен балалар сурет байқауының елуге жуық жас қатысушыларынан жетпістен аса жұмыс – бұл сан, төрешілер алқасының мүшелерін таң қалдырғанын, күтпеген керемет тосынсый болғанын  және сол ретте жүлдегерлерді анықтауда жұмыстарын қиындатқанын жасырмайды.

Жоғары қауіпті өндірісте жұмыс істейтін ата-аналардың  балалары, өздерінің салған суреттерімен үлкендерге жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау  - өте маңызды екенін ескертті.  Себебі олар өз ата-аналарын үйге сау әрі еш зиян тимеген күйінде көргілері келеді.

Байқаудың барлық қатысушылары қарандаштар, бояулар, аппликация үшін қажет материалдар көмегімен ҚТ тақырыбын суреттей отыра, бар күштерін салды. Кейбіреулері 2-3жұмыстан орындады.

Жүлдегерлерді екі топтағы жас ерекшеліктеріне қарай анықтады.  5 жастан 8 жасқа дейінгі  кіші топта бірінші орынды Владимир Понкратов, екінші орынды – Павел Емельянов жеңіп алды. Үшінші орынды Полина Наакпен Софья Бурамбаева өзара бөлісті.

9 жастан 12 жасқа дейінгі ересектер тобында Ахметхан Бекенов  жеңімпаз атанды. Екінші орын Даниил Цвикпен Даниил Томскийге бұйырса, үшінші орынға Полина Голубничнаямен Дарья Барыкина ие болды.

Балалардың жүлдесі сәуір айының соңында «Богатырь Көмір» компаниясында өтетін Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған салтанатты  іс-шарада табысталады. Байқаудың қалған қатысушыларын ынталандыру сыйлығымен атап өтеді.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу