Белдесуде кездесті

18.04.2018

Сәуір айының 14-і күні ТКЖЖ зауытының спорт залында қазақша күрестен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің біріншілігі өтті.

Қазақша күрес ең ежелгі спорт түрлерінің біріне жатады, қазіргі Қазақстанда кеңінен таралып, танымал спорт түрі болып саналады. Аталмыш жекпе – жек түріне көмір кәсіпорынында да көңіл бөлінген.  

Ағымдағы жылда спорт бәйгесінде кәсіпорымыздың 30 спортшысы бағын сынауға шешім қабылдады. Нәтижесінде сегіз түрлі салмақ категориясы бойынша – 22 жүлделі орынға ие болды.

55 кг дейін салмақ бойынша  Марғұлан Атеев («Богатырь») жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарға Әділбек Асылбеков пен Ермек Ермекпаев сынды ТКЖЖ зауытының жігіттері ие болды.

60 кг дейін салмақ бойынша 1 орынды –Нұржан Сүлеев (БЭҚ), 2 орын – Артур Степ («Богатырь» кеніші), 3 орынды – Қуанышбек Даулбаев (БЖТКБ) ие болды.

66 кг дейін салмақ бойынша жеңімпаздар үштігін Ақан Жұмабек (БЖТКБ), Әділет шарапат (БЭҚ), Манас Жұмабеков («Богатырь» кеніші) құрады.

74 кг дейін салмақ бойынша  Нұржан Серікбаев («Богатырь» кеніші), Виктор Клименко (БЖТКБ) және Дархан Шамбасовтар (Автобаза) жеңімпаз атанды.

82 кг дейін салмақ бойынша алтынды Ерғанат Еңсебаев (БЭҚ) қанжығасына байласа, күміс – Тлеген Увсбай (БЖКТБ), қола – Нұрланбек Нұрдолдойға бұйырды.

 Райымбек Олжабай (БЭҚ), Қанат Агадилов (Атқарушы аппарат) и Жаиiк Жумабайұлы (Автобаза) 90 кг дейін салмақ бойынша жүлдеді орындарға ие болды.  

Аса ауыр яғни 90 кг аса салмақта жеңімпаздар Станислав Струденикин, Нұрлан Дюсембаев және Сергей Саломахин «Богатырь» кенішінің жігіттері атанды.

Абсолюттік салмақ категориясы бойынша Раимбек Олжабай (БЭҚ) жеңіске жетті.

Біріншіліктің барлық жеңімпаздарын компания басшылығы  диплом және ақшалай сыйлықпен марапаттады.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу