Қатаң, бірақ әділ

18.04.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне қатысты алғашқы конкурстардың қортындылары шықты. Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау Басқармасы, оқу-курстық комбинаты, «Богатырь Көмір» кәсіподағы, техникалық дирекция мен кәсіпорынның өндірістік жүйесі (BPS) өкілдерінен тұратын комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген учаскелерді бағалады.

Биылғы жылы еңбектің қауіпсіз жағдайын ұйымдастырған ең үздік учаске конкурсындағы жүлделі орын үшін 16 үміткер күресті. Қазылар алқасына ұсынған елуге дейін және елуден жоғары адамы бар учаскелер мен цехтар: «Богатырь» кеніші, Богатырь ЖКБ, ТЖЖД, технологиялық көлік Басқармасы, Бас энергетик қызметі, автобаза, көмір сапасын бақылау бөлімі мен көмір нарығы және оны өткізу жөніндегі дирекция.

Үш күн бойы қазылар алқасы өндірістік объектілерге барды және параметрлер қатары бойынша оларға бес балдық шкала бойынша баға берді. Комиссия назарынан еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіз жұмыс тәсілдерін көрсететін көрнекі насихаттардың – схемалардың, нұсқаулықтардың, жаднамалардың болуы, жұмыскерлерді санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен және су ішу тәртібімен қамтамасыз ету тыс қалмады.  Жұмыста қолданылатын құрал-саймандар мен жеке қорғаныс құралдарының болуы, жарамдылығы мен сақталуы, сондай-ақ техникалық және шұғыл құжаттардың сақталуы мен қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мұқият тексерілді.

Тексерістің қорытындысы бойынша көшбасшыларды анақытауға мүмкіндік беретін бағалар қойылды. Құрамында елуден аса адамы бар 2-аршу және үйінді жұмыстарының учаскесі үздік учаске атанды («Богатырь» кеніші), екінші орынға ЖҚД-2 (ТЖЖБ),  үшінші орынға «Степная» ЖҚД ие болды. Құрамында елу шақты адамы бар Жол-8 (БЖКБ) үздік учаске атағына ие болды, СЦБ-1 (БЖКБ) екінші орынды алды, «Южная» қазандық станциясының ТВС учаскесі (БЭҚ) көшбасшылар үштігін тұйықтады.

Барлық жүлдегерлер сәуірдің соңында Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарада сыйлықақылармен марапатталады. Қалған қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары беріледі. 

«Богатырь» кенішінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Михайлюк комиссияның жүргізген жұмысын қорытындылай келе қатысушылардың конкурсқа дайындығына жоғары баға берді:

- Барлығы үздік дайындалған. Сондықтан қазылар алқасына баға қоюға шешім қабылдау оңайға түспеді. Әрине, конкурс үдерісінде анықталған кемшіліктер мен ескертулер де бар. Комиссияға ілесіп жүрген учаске өкілдері оны жазып алды. Келесі бейсенбі сайынғы тексеріске дейін аптаның ішінде оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу