Аралық қорытындылар шығарылды

06.04.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының оқу-курстық комбинатында (ОКК) «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» оқушыларын қосарлы оқытудың оқу жобаларын іске асыру бойынша іс-шаралардың аралық қорытындылары шығарылды.

Қазақстанға қосарлы бағдарламаны енгізу елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2012 жылдан басталды. «Богатырь Көмір» компаниясы Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжімен серіктесе отырып 2013 жылы ОКК базасында алғашқы рет қосарлы оқытудың жобасын мақұлдады. 2016 жылы көмір кәсіпорны Екібастұз құрылыс-техникалық колледжімен шарт жасады.

Қосарлы оқытуды қолдану бойынша аталмыш оқу орнымен жұмыс тәжірибесі сәтті шықты. Сонымен қатар, Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің тәжірибеден өтушілері оқуды аяқтаған соң компанияның қоғамдық тамақтандыру Комбинатына жұмысқа тұрады.

Биылғы жылы қосарлы бағдарламаны іске асыру Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжімен серіктестікте өтеді. Бұл оқу орнының екінші курсының 40-қа жуық оқушысы «Дәнекерлеу ісі», «Пайдалы қазбаларды ашық өңдеу» және «Экскаватор машинисті» мамандықтары бойынша «Богатырь» кеніші мен ТКЖЖ зауытында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Тәжірибенің бірінші кезеңі бойынша оқу-курстық комбинатта ОКК және колледж өкілдерінің қатысуларымен жиналыс өткізілді. Оқу-курстық комбинаттың бастығы Любовь Шарипованың айтуынша тәжірибе штаттық тәртіпте өткізілді. Қосарлы оқыту жобасына қатысушы-тараптармен тәжірибеден өтушілерге мінездеме берілген соң компания басшысы оң нәтиже көрсеткен балаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Сонымен кәсіпорын өзі үшін экономиканың көмір шығарушы секторының жоғары сыныпты мамандарынан шыққан жас ауысымды дайындайды.

Марина ПОНКРАТОВА.

Жаңалықтар тізіміне оралу