Жақсы нәтиже көрсетті

07.04.2018

Өткен аптаның соңы «богатырлық» спортшылар үшін жаңа жетістіктерге толы болды.

«Богатырь Көмір» мини-футболдан құрама командасы Астана қаласынан лайықты үшінші орынмен оралды.  Мемлекетіміздің астанасында 6-8 сәуір аралығында «Самрұқ-Энерго» АҚ компаниясы топтары арасында аталмыш ойын түрінен турнир өткізілді. Турнирге қатысқан 7 мықты команда ішінен біздің спортшылар жеңімпаздар үштігін тұйықтап, жақсы көрсеткіш көрсетті.  Құрама капитаны Жасұлан Досымов бастаған команда мүшелері: Виталий Колесников, Руслан Шишкин, Олег Негодюк, Алмас Касенов, Мурат Ахметшарипов, Владимир Чепурнов, Серик Махабеков, Никита Мельников пен Анвар Зейнулин. Бір апта бұрын компания футболшылары  қала Чемпионаты ойындарын сәтті аяқтады. «Богатырь – 2» (капитаны - Серік Махабеков) командасы екінші орын, «Богатырь -1» (капитаны - Жасұлан Досымов) командасы қола медальға ие болды.

ТКЖЖ зауытының спорт залында 7-8 сәуір аралығында «Богатырь Көмір»  ЖШС кәсіпорын біріншілігінде стритбол командалары кездесті.  Әйелдер аралығында «Ардагерлер» командасы (капитаны – Инесса Суханова) бірінші орынға ие болса, «Богатырь» кенішінің спортшылары (капитаны – Екатерина Ережепова), «Сборная» командасы (капитаны – Айша Мубаракова) үшінші орынға ие болды. 

Ерлер арасында БКЖТБ спортшылары (капитаны – Даулет Тлектес) чемпион атанса, екінші орынды – бас энергетик қызметі (капитаны – Михаил Чергейко) командасы,  «Богатырь» кенішінің командасы (капитаны – Владимир Дереберя) – үшінші орынды иеленді.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

Жаңалықтар тізіміне оралу