ЭКОЛОГИЯҒА ИНВЕСТИЦИЯ

23.12.2011

«Звезда Прииртышья» газеті, 2011 жылғы 29 қараша,  №137

 

Қазақстандық «Самұрық-Қазына» мен «РусАл» ресей  компаниясының бірлескен кәсіпорны «Богатырь Көмір» қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаны іске асыруға, атап айтқанда кәсіпорындағы экологиялық қауіпсіздік мәселесіне,аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсаруына көп көңіл бөлуде. Осы мақсаттарға ағымдағы жылдың соңына дейін бір миллиардтан астам қаржы бақғытталады. 

2011 жылдың қыркүйек айында «Богатырь Көмір» ЖШС экология саласындағы жұмысына оң баға берген  ISO 14001:2004 бойынша  төртінші Халықаралық  бақылау аудиті өтті.  

Экология мәселесін кеншілер қашанда назарда ұстайды. Солардың бірі осыдан жарты ғасыр бұрын қалыптасқан «Сееврный» кенішінің  сыртқы жыныс үйінділері. Міне, көп жылдардан бері қордаланған үйінділер ауаны ластаудың басты көзіне айналып отыр. Бүгінгі күні бұл үйінділерде қайта қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.     

«Богатырь Көмір» компаниясы қазіргі қолданыстағы үйінділерден шығатын зиянды заттарды азайтуға бағытталған шаралар әзірледі. Соның бір мысалы пайдаланудан шығарылған «Ковыльный» үйіндісіне техникалық және биологиялық қайта  қалпына келтіру жүргізілуде. Бұл үйіндінің көлемі 700 гектарды құрайды. Үйінді тек шаң шығару көзі ғана емес,эндогенді өрт шығару және ауаға зиянды өнімдер шығарумен қауіпті болып отыр. Кен аршу жыныстарындағы көмір ұнтақтарының өздігінен жануын толық тоқтатын сенімді тәсілді ғалымдар әлі тапқан жоқ. Алайда, кеншілер тиімді пайдаланып отырған эндогенді өрт ошақтарымен күресудің әдістері бар. 

Былтырғы жылы компанияда үйінділерде эндогенді жанулардың алдын алу бойынша учаске құрылған болатын. Соған орай  көлбеу жерлерді, алаңдарды нығыздайтын арнайы техника, жаншу, нығыздау машинасы сатып алынды.Кеншілер тұтам жерді де жандырмауды қолға алды.Мыңдаған текше метр саз балшық әкелініп, оларды тиянақты түрде нығыздау жүріп жатыр.. Нығыздау қалыңдығы бір метрге жетеді. Осылайша,үйінді ішіндегі ауаны тазарту, көмір ұнтақтарының өздігінен жануын болдырмау жұмыстары жүргізілуде. 

2011 жылдан бастап «Ковыльный»  үйіндісінде биологиялық қалпына келтіру басталды. Бұл жұмысқа осы жылы үш миллионннан астам қаржы жұмсалды. 27 гектар алаңға құнарлы топырақ әкелініп, жаймаланды. Бірнеше жылдардан соң бұл жердің үстін  шөп басып, тамыр жаяды.

2010 жылы  «Богатырь Көмір» «Ковыльный» үйіндісін қайта қалпына келтіруге 38 миллионнан астам теңге бөлінді. 2010 жылдың 10 айында  30 миллион теңге игерілді. Бұл жұмыс топырақты қайта қалпына келтіруді толық аяқтағанша және үйінді Екіібастұз қаласының муниципалдық меншігіне бергенше жүргізіледі. 

«Богатырь Көмір» сынды алып кәсіпорынның алдында болмай қалмайтын басқа экологиялық мәселелер туындайды. Атап айтсақ, «Богатырская» станциясының қазандығына күрделі жөндеу жүргізілді. Жарты жылда қазандық агрегаттарында алты циклон ауыстырылды. Бұл шараларға 5,5 миллионнан астам қаржы жұмсалды. Осының нәтижесінде шығатын түтін газдарының тазару тиімділігі 85-86 пайызды құрады. Барлық кәсіпорын қазандықтарында қазанды орауға арналған асбестті материалдарды пайдалану тоқтатылып, оның орнына қауіпсіз вермикулит қолданыла бастады. 

Биылғы жылы компания кеншілері ағынды суға кетіп қалатын мұнай өнімдерін күн тәртібінен шығарды. Мысалы, «Богатырская» станциясы арнайы қондырғы – мұнай өнімдері сепараторын сатып алды. Бұл қондырғы Ақбидайық көліне өтіп кететін зинды заттардың алдын алуға мүмкіндік берді. 2011 жылы шілде айында тау-кен көлік құрал-жабдықтарын жөндеу заводында өндірістік қалдықтарды, мұнай өнімдерін тұтып, ұстап қалатын қондырғы орнатылды. 

Соңғы жылдары «Богатырь Көмір» компаниясы көріктендірумен, қайта құрылымдаумен, және өз аумақтарын жаңартумен  белсенді айналысуда. «Богатырь Көмір» ЖШС өнеркәсіп аймағында болған адам не істелгені туралы өзінің оң бағасын бере алады. «Богатырь» кенішінің 40 жылдығы қарсаңында кеншілер имараттар мен ғимараттарды, төңіректі көріктендіру бойынша зор көлемді жұмыстар орындады. Көріктендеру бойынша  Богатырь ЖТК басқармасы мен «Южная» станциясында әкімшілік тұрмыстық корпус үйі, асхана күрделі жөндеуден өтті. Сонымен бірге осы үйлермен шектес  аумақта түрлі ағаштар мен көшеттер, гүл алаңдары отырғызылды. 

Алайда, кеншілер осы жетістіктермен тоқтап қалмақ емес. Олар «Богатырь Көмір» ЖШС өнеркәсіп алаңдарын одан әрі көріктендіру бағдарламасын әзірледі. Осы бағдарламаға сәйкес 2012-2013 жылдары 10 мыңнан аса ағаш пен көшеттер отырғызылды. Жаңа жылдың келіп жетуін күтпестен кеніш, автобаза, жүк-тиеу көлік басқармасы мен энерго басқарма жұмыскерлері аумақты әдемілеу, көріктендіру жұмыстарына араласып кетті. Бүгінгі күні «Богатырь» кенішінің ернеу жиектерін  Алатаудың қарағай, қайың, үйеңкі ағаштары көркемдеп тұр.   

Аз жұмыстар атқарылған жоқ. Алайда мәселе бірден шешілмейді, бірте-бірте шешіледі. Ертіс экология департаменті ескерткен жағдайларға компания түсіністікпен қарап, оның алдын алуда ойдағыдай жұмыстар атқаруда. 

 

Сергей Зарапин,

«Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директоры 

Жаңалықтар тізіміне оралу