Қаламыз тазалыққа бөленді

07.04.2018

Өткен сенбіде «Богатырь Көмір» кеншілері  Екібастұз қаласын көріктендіру мақсатында шағын аудандарын ретке келтіру бойынша жалпы қалалық шараларға қатысты. Аталмыш күнде кәсіпорынға бекітілген територия бойынша 110 кубтан аса қоқыс жиналып, қалалық полигонға тасып шығарылды.

Тазалықты келтіру бойынша «Богатырь»  десанты Б.Момышұлы көшесі (бұрынғы Строительная) бойымен Пшембаева көшесінен бастап, Бұхар Жырау көшесіне дейін, сонымен қатар, шектесетін Комсомоль және Инженерлік өту жолдарына орналасты.

Компанияның 500 қызметкері құрылыс қалдықтары мен былтырғы жапырақтарды жинап, қыстан кейін ретке келтірді.  Жылы шуақты ауа райы мен жақсы көңіл - күй жемісті жұмысқа мүмкіндік тудырды.

Кеншілер ұжымы өкілдерінің пікірі бойынша сенбілік өте пайдалы дүние. Бір жағынан қаланы тазартып, жақсартқаннан адамдардың ішкі дүниесі қанағаттанады, екінші жағынан – корпоративтік рухтары нығаяды.

«Богатырь Көмір» ЖШС есеп – шарт бөлімінің бастығы, бас энергетик қызметінің бас технологы  Заки Жумабеков:

- Біз сенбілікке үнемі көтеріңкі көңілмен шығамыз. Бұнда басқа құрылымдық бөлімшелердегі әріптестермен араласып, шынығып қаламыз.  Сонымен қатар, біздің кәсіпорын қала өмірінде белсенділік танытуда. Ұжымда корпоративтік рух көтеріледі. Біздің орталық кеңселер – біздің компанияның, ал көшелер мен алаңдар – қаламыздың айнасы болып табылады. Сондықтан әр Екібастұздық қаланы таза ұстауға тырысу керек.

Айлық сәуір айының аяғына дейін болады. Сол уақытқа дейін «Богатырь Көмір» компаниясы апта сайын өз територияларын жинап, Екібастұзды көгалдандыруға, яғни шағын бақтар мен саябақтарда көшеттер отырғызуға қатысады.

 

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

Жаңалықтар тізіміне оралу