«Богатырь» геологтарын мерекелерімен құттықтады

05.04.2018

Қазақстанның геологтары сәуірдің бірінші жексенбісінде аталып өтетін өздерінің кәсіби мерекелері – геологтар Күнінде Қарағандыда жиналды. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» жастар сарайында университеттің 65 жылдығына және политехникалық институттың 60 жылдығына арналған геологтар Форумы өтті.

Форумға қатысушылардың ішінде геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің «Центрказнедра» өңіраралық департаменті» ММ басшысы, техника ғылымдарының кандидаты Азамат Шалабаев, «Қарағанды облысы өнеркәсіптік және индустариалды-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының м.а. Қайрат Шорманбаев, «Центргеолсъемка» ЖШС-нің бас инженері, Үздік, Құрметті жер қойнауын барлаушы Бейбітшілік Изақов, сондай-ақ Қазақстанның басқа да еңбек сіңірген геологтары болды. 

Форум барысында өз кәсіптерінде биік жетістіктерге жеткен, еліміздің минералды-шикізат базасын нығайтуға және геологиялық саланы дамытуға зор үлесін қосқан салтанат иелерін әр түрлі ведомствалық наградалармен құттықтады. Олардың ішінде «Богатырь Көмір» кеншілері де болды.

«Богатырь» кеніші бас геологтың м.а. Мирас Әмірханов геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті төрағасынан алғыс хат алды, учаскелік геолог ҚР инвестиция және даму министрлігінің алғыс хатымен, ал учаскелік геолог Әсем Оңалбекова Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Форум аяқталған соң ҚР геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті,  «Центргеолсъемка» ЖШ, «Центрказнедра» ӨД, «Азимут геология» МГК,  «Казгеология» АҚ командалары және ҚарМТУ құрама командасы арасында футбол бойынша жолдастық матч өткізілді.

Марина ПОНКРАТОВА

Форумға қатысқандардың суреті

Жаңалықтар тізіміне оралу