Екі мерейтойға арналады.

22.03.2018

Наурыз мейрамы-2018 мерекелеу Павлодар Ертіс өңіріндегі екі үлкен мерейтоға арналды. Биыл Қазақстанның астанасы Астана қаласына 20 жыл және Павлодар облысына 80 жыл толады. Қазылар алқасының пікірі бойынша «Богатырь Көмір» компаниясының этноауылы берілген тақырыпты жарқын бейнелеп берді. Бұл үшін оның ұйымдастырушыларына киіз үй қалашықтарының қалалық конкурсындағы бас жүлде бұйырды.

Астана Бәйтерек символының үш метрлік көшірмесі, Республиканың астанасын, Павлодар облысын, Екібастұз қаласын және «Богатырь Көмір» көмір кәсіпорнын бейнелейтін әртүрлі экспонаттар қойылған көрме экспозициясы, компания көміршілерінің қолымен құрылған этноауыл халықтық ойын-сауыққа ерекше ахуал берді.

Қонақтарды «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Рустам Сансызбаев пен мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі топ басшысы Манар Ерботина құшақ жайып қарсы алды. Бас киіз үйдің үй иесі – «Богатырь» кенішінің жұмыскері Любовь Оспанова қазақтың тұрмыс элементтері туралы айтты және Наурыздың дәстүрлі тағамдары - наурыз көже, бауырсақ, ет, тәттілер қойылған бай дастарқаннан дәм татқызды.

Киіз үй жабдықтарының барлығын кәсіпорын жұмыскерлері өз қолдарымен дайындады. «Богатырлық» ісмерлердің қолдарынан шыққан көрпелер мен күрделі құрылыс жөніндегі дирекцияның ағаш шеберлері Кемелбек Серғазин мен Қуат Қалиевтің шебер қолдарынан шыққан ағаш керек-жарақтар көздің жауын алады. 

«Богатырь Көмір» киіз үйіне алғашқылардың бірі болып мерекенің құрметті қонағы – Аккөлдің атақты ақыны, Қазақстан композиторлар одағының бірінші мүшесі Естай Беркімбаевтың биыл 89 жасқа толатын немересі келді. Сонымен қатар көмір шығарушы компанияның ардагерлері мен қала басшылығы да кеншілерде қонақ болды.

«Богатырлық» қалашыққа келгендердің барлығы қазақ халқының төл мәдениетіне қанығып, ауыл өмірінің бір күніне куә болды. Ұлттық костюмдерге малынған кәсіпорын жұмыскерлері нағыз театрландырылған қойылым көрсетті.

Көрермендер БЖКБ домбырашылар ансамблінің үнімен, Дамир Смағұлов пен Назгүл Нұралинаның сазды өнерлерімен бұрынғының киіз басуын, асық ойыны мен қазақша күресті тамашалады. Ең кіші актер – Богатырь ЖКБ тартушы агрегат машинисті Жұмақан Мыңбаевтың немересі – бір жарым жастағы Әлімхан тұсау кесу салтына қатысты. Келінді жігіттің ата-анасымен таныстыру-беташар салтына қатысқан этноауылдың басқа да кейіпкерлері, БЖКБ жұмыскерлері Айсұлу Бақыт пен Марат Багисов өздерін ойнады. Бірнеше айдан кейін ғашықтар расында да ерлі-зайыпты болады.

Қонақтарға, әсіресе балаларға Найза атты бянауылдық бүркіт пен үй жануарлары: қойлар, лақтар, бұзаулар мен ат ұнады.

Сахнада көңілді композицияларымен «Богатырь Көмірдің» үздік әншілері Дамир Бекимиров, Қоблан Мәжкенов, Руслан Мусин, Азамат Оздоев, Нелли Штрауб пен Жадыра Мамырханова көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Спорт сүйер қауым да «богатырлық» қалашықтың қызықтарынан тыс қалмады. Киіз үй жанындағы алаңда кәсіпорын спортшылары күш сынасты. Осы жерде жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар берілді. Серсодан бірінші орынды Инна Суханова жеңіп алды, «күміс» Күләш Нағметоваға бұйырды, жүлдегерлердің үшіншілігін Елена Нападовская тұйықтады. Қол күресінде Тахир Ілясов пен Меержан Мұхамедрақым жеңімпаз атанды. Екінші орынды Юрий Воробьев пен  Сергей Саломахин бөлісті, үшінші – Іляс Өтепбергенов пен Филипп Шнякқа бұйырды. Асық атуда Сергей Саломахин алға шықты, Әсел Бейсеқұлова екінші орынға, Ошақбай Сарбасов үшінші орынға ие болды. Кір тасын көтеру спортында Қаныбек Масақбаев пен Дарқан Истаев «алтын» жүлдегер атанды, екінші орын Қасымжан Рамазанов пен Айдар Қапезовқа берілді, үшінші орынды Абылай Жақыпов пен Меержан Мұхамедрақым жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың тырысулары зая кетпеді. «Богатырь Көмір» ЖШС қалалық киіз үйлер қалашығының сайысында бас жүлдеге ие болды. Компания басшысы қазылар алқасына жоғары баға бергендері үшін алғысын білдірді және қалалықтар мен қала қонақтарын шығыстың Жаңа жылымен құттықтады.

Компания көміршілері үшін Наурыз мейрамының ең жағымды сәті - Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің «Богатырь» кенішінің директоры Ибрагим Досмұхамбетовке «Қала алдындағы еңбегі үшін» медалін ұсынуы болды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу