Игі тілектермен

20.03.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының жаңа басшысы аға ұрпаққа құрмет көрсету дәстүрін ұлғайта отырып алғашқы рет Наурыз мерекесінің алдында ардагер-кеншілерге арнап мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Олардың ішінде қаланың Құрметті азаматтары, «Шахтер даңқы» белгісінің кавалерлері, көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскерлері мен «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері болды. Іс-шараның ерекше қонағы Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов болды.  

Қала басшысы өзінің құттықтау сөзінде «Богатырь Көмір» ЖШС ұжымының игілікті бастамасын атап өтті және бұл бастама өзінің жалғасын табатынына сенімділік білдірді. Ол кәсіпорынның бүтіндей Республика мен Екібастұздың экономикасы мен әлеуметтік саласы үшін маңызы зор екенін айтты.

Компанияның бас директоры Рустам Сансызбаев ардагерлерге көп жылғы, жанкешті еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ол серіктестіктің еңбек ұжымы атынан оларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жақсылық, аман-есендік пен ұзақ өмір тіледі. Ол ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып ақсақалдардан жаңа лауазымда табысты жұмыс істеу үшін бата тіледі және кәсіпорынды дамыту үшін барынша күш салатынына, басталған жобалардың іске асырылуына қолдау жасайтынына және жас мамандарға барынша көмек көрсететініне сендірді. 

Қаланың құрметті азаматтары Дмитрий Мелехов, Еркін Әубәкіров, Манат Сыздықов және басқа да құрметті кеншілер «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жаңа басшысына көрсеткен ықыласы үшін алғыстарын білдірді және осындай ерекше жауапты қызметте табыс тіледі.

Компанияның біріккен жастар қозғалысының белсенділері мерекелік кешті музыкалық нөмірлермен безендірді. Іс-шараның соңында барлық ардагерлерге кәсіпорын әкімшілігінің атынан естелік сыйлықтар берілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу