Жаңа пішімде

20.03.2018

Биылғы жылы «Богатырь Көмір» компаниясында Наурыз мейрамы ерекше жарқын және естен кетпестей қарсы алынды. Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінде концерттік алаңшалар ұйымдастырылды, онда кәсіпорын көркем өнерпаздарының әртістері өнерлерін көрсетті. Мереке ахуалынан көрермендер де тыс қалмады. Олар жұмыс күніне қарамастан қазақтың ұлттық костюмдерін киіп үлкен театрландырылған көрініске қатысты.  

Мереке күні бас директор Рустам Сансызбаевтың атқарушы аппарат қызметкерлерін құттықтауымен басталды. Сондай-ақ компания басшысы Богатырь ЖКБ-да, «Богатырь» кенішінде, ТКЖЖ зауытында және коммерциялық дирекцияда болды. Ол кәсіпорын жұмыскерлеріне зор денсаулық, отбасының амандығын, жұмыста табыс тіледі және шығыстың Жаңа жылын компанияда осындай жаңа пішімде мерекелеу жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдіретінін айтты.  Бұл сөзге қосылғандар: бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров, атқарушы директор Ербол Сарманбетов, коммерциялық директор Зүлхия Джананова, Богатырь ЖКБ директоры Ағыбай Покатаев, ТКЖЖ зауытының директоры Ермек Құрманғалеев, жөндеу жөніндегі директор Владимир Кочерга және «Богатырь Көмір» локалды кәсіподағының төрағасы Қайрола Тұратаев.

Кәсіпорын жұмыскерлерінен шыққан әншілер мен музыканттар мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады. Көрермендерді Нелли Штрауб пен Қоблан Мажкеновтың ерекше дауыстары, ақын Нұрмахан Бәйбешовтың мерекесіне арнаған БЖКБ домбырашылар ансамблі мен Жанар Исенованың  әуезді дала күйлері тәнті етті.

Наурыз мейрамына келген қонақтарға қазақтың ұлттық салт-дәстүріне лайық наурыз көже мен бауырсақтар берілді, тәтті шашу шашылды.

Өткен мереке «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыскерлерінің есінде көпке дейін сақталады. 

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу