Жаңа деңгей берілді

03.03.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріндегі еңбек ұжымымен басшылықтың есептік кездесулері өтуде. Компанияның бас директоры Мұрат Әбдіғұлов «Богатырь» кенішінің, Богатырь ЖКБ, бас энергетик қызметінің, теміржол жабдықтарын жөндеу жөніндегі басқарманың, сондай-ақ атқарушы аппарат қызметкерлеріне кәсіпорынның былтырғы жылғы жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Ол сөз сөйлер алдында кеншілерді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға жұмылдырды. үшін «Богатырь Көмір» кеншілерінің биылғы жылғы өндірістік жоспарлары осы стратегиялық міндеттерге жетуді көздейді. Көмірді шығару мен жөнелту бойынша деңгей 41,30 млн.тоннаға көтерілді, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 33,11 млн.тонна және «Северный» кеніші бойынша – 7,19 млн.тонна. Салыстыру үшін былтырғы жылы 33,90 млн.тонна жоспарлы көрсеткіш кезінде көмірдің нақты шығарылуы 40,8 млн.тоннаны құраған. 

Өндірісті дамытудағы инвестиция көлемі 2017 жылы 7,5-тен биылғы жылы 32 млрд.теңгеден аса едәуір көтерілді. Оның 20 млрд. «Богатырь» кенішіне көмірді шығару бойынша автоконвейерлік технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға жіберіледі деп жоспарлануда.

Мұрат Әбдіғұлов әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік тақырыбына тоқтала келе ұжымдық шартпен қарастырылған барлық міндеттерді әкімшіліктің толық көлемде орындағанын айта кетті.  

- Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес 2017 жылдың басында Павлодар облысындағы инфляция деңгейіне тарифтік мөлшерлеме мен еңбекақыны 8,3%-ға индекстеу жүргізілді, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап индекстеу 7,7%-ды құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша жылдық сыйлықақы компания жұмыскерлеріне ағымдағы жылдың 1 тоқсанында төленетін болады.

Шахтер Күні кәсіби мерекесінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында кәсіпорын алғашқы рет жартыжылдық сыйлықақыны 100% еңбекақы/айлық тарифтік мөлшерлеме көлемінде төледі. Биыл ережеге сәйкес сыйлықақы 50% көлемінде беріледі. 

2017 жылы әулеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер сомасы 700 млн.теңгеден асты. 2018 жылы бұл мақсаттарға 800 млн.теңгеден аса қаражат жіберілетін болады.

«Богатырь Көмір» компаниясында әлеуметтік саясаттың жекеленген бағыты мұқтаж азаматтарға қайырымдылық пен демеушілік көмек көрсету болып табылуда. Былтыр бұл мақсаттарға 130 млн.теңгеден аса бөлінген. Қаражат Келісім, тұрғындардың әлеуметтік-қорғалмаған тобын қолдау, жетім балалардың, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобы балаларының жазғы демалыстарын ұйымдастыру аясында өңірді дамытуға жұмсалды. Кәсіпорын коммерциялық емес ұйымдарға және діни конфессиялар-Екібастұз қалалық мешіті мен Екібастұз қ.Серафим-Ивер шіркеуіне қайырымдылық көмек көрсетті.

Кездесудің соңында компания басшысы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, жылыту маусымы кезеңінде жұмысқа қабылданған «Богатырь» кенішінің жұмыскерлері еңбек шарттарын ұзарту мүмкіндігін сұрастырды. Мұрат Әбдіғұловтың айтуынша еңбек шарттар құрылымдық бөлімше басшыларының қолдаухаттары бойынша бір жылға немесе мерзімсіз уақытта ұзартылатын болады.

2018 жылы тұрғын үй алуға, тұрмыстық жағдайларды жақсартуға және оқуға төлеуге бөлінетін қарыз көлемін ұлғайтуға қатысты мәселеге кәсіпорын басшысы көлемнің қолданыстағы «Богатырь көмір» ЖШС жұмыскерлеріне пайызсыз қарыз беру тәртібі туралы Ережесіне» сәйкес шектелетінін, сол бойынша пайызсыз қарыз жеке баспанасы болмаған жағдайда 1,5 млн.теңге көлемінде тұрғын үй алуға; 1 млн.теңгеге дейін тұрғын үйді кеңейтуге берілетіндігін түсіндірді. Компания басшысы болашақта Ереженің өзгеруі мүмкін екендігін ескертті.  Кәсіпорынның бизнес-жоспарына сәйкес 2018 жылы 60 млн.теңге қарыз бөлу қарастырылған.

Мұрат Кеңесұлы компанияның барлық көзделген жоспарларының орындалу нәтижесі бойынша өндірістік жетістіктері үшін жұмыскерлерді көтермелеуге қатысты төлеу туралы акционерлердің алдына жеке қолдаухатпен шығатынын білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры кездесуді қорытындылай келе кәсіпорын жұмыскерлеріне үйлесімді жұмыстары үшін алғысын білдірді және жаңа жетістіктерге жетуді тіледі. Енді серіктестік басшысы технологиялық көлік Басқармасы, автобаза мен ТКЖЖ зауыты ұжымымен кездесуді жоспарлап отыр.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК

 

Жаңалықтар тізіміне оралу