Олимпиадаға қосылу

23.02.2018

Ақырғы бірнеше күнде әлемнің барлық жанкүйерлері оңтүстік кореяның Пхёнчханында өтіп жатқан спорттық шаралардың өтуін бақылауда.  Бұл уақытта «Богатырь Көмір» спорттық командасы жанкүйерлерінің  құмарлықтары екі еселенді – қалада және оның сыртында қысқы Олимпиадаға қосылып бірнеше спорттық іс-шаралар өткізілді, онда «богатырлық» көмір өндірушілер өздерінің лайықты жетістіктерін көрсетті.  

20 қаңтардан 15 ақпан аралығында волейбол әуесқойлары «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде және ТКЖЖ зауытының спорт залында аталмыш спорттың түрі бойынша көмір кәсіпорнының құрылымдық бөлімшелер учаскелерінің арасында жарыстарды жинақтады.

Бірінші лигада «Эксплуатация» ЖҚД командасы жеңімпаз атанды (капитан – Александр Трухин), екінші орын «Ударная» ЖҚД-ға бұйырды (капитан – Александр Назаренко), «Богатырь» кенішінің басқармасы (капитан – Нұркен Бакишев) үшінші орынға ие болды.  

Екінші лигада тұғырдың жоғары сатысына ТКЖЖ зауыты ПЖЦ волейболшылары көтерілді  (капитан – Қамзин Нұрбек), екінші орын – БЖКБ УЭФ-3 (капитан – Рожок Александр), үшінші – ТЖЖЖБ ТББ (капитан – Тайғанов Даулет).

10 ақпанда спорттық-сауықтыру кешенінің стадионында спорттың осы түрі бойынша қалалық жарыстың іріктеу туры болған қысқы президенттік көп күрес бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке Біріншілігі өтті.

18-29 жастар тобында жүлдегерлер:Қанат Қалиханов (КҚД, 1-орын), Светлана Афанасенко (БЖКБ,1-орын), Сергей Баранов (ТКЖЖ зауыты, 2-орын), Айжарық Хуанган (ТКЖЖ зауыты, 2-орын), Медғат Долдашев (КҚД, 3-орын) және Маргарита Игуменова (БЖКБ, 3-орын).

30-39 жастағы қатысушылар арасында бірінші орынды бөліскендер: Максим Уренцов («Богатырь» кеніші) және Ольга Шерешова (өткізу жөніндегі дирекция), екінші орынға Юрий Воробьев (БЖКБ) және Әсел Бейсеқұлова ие болды (атқарушы аппарат), үшінші орын - Екатерина Медникова (атқарушы аппарат).

40-49 жастағы топтар арасында Ғалымжан Макишев (БЖКБ) және Светлана Задорина («Богатырь» кеніші) жеңімпаз атанды. Күміс Нұрлан Мұқашевқа (БЖКБ), қола Бахтияр Мендыбаевқа (БЖКБ) және Радик Сайфуллинға («Богатырь» кеніші) бұйырды.

50 жас және одан жоғары спортшылар арасында Ильясов Тахир («Богатырь» кеніші) мен Елена Нападовская (БЖКБ) алтын жүлдені жеңіп алды, Қаныбек Масақбаев (автобаза), Валентина Муллина (КҚД) және Сара Прокофьева («Богатырь» кеніші)– күміске, Өмірбай Құдайқұлов және БЖКБ-дан Разия Қасымова қолаға ие болды.

11 ақпанда «Богатырь» құрама командасының құрамындағы 8 жүлдегер қысқы президенттік көп күрес бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қалалық спартакиадада «Богатырь Көмір» компаниясының намысын тамаша қорғады. «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында өткен шиеленіскен күрестің нәтижесі жалпы командалық есепте «богатырлық» спортшылардың лайықты бірінші орныменен аяқталды. Құраманың қоржынында 7 алтын және 1 күміс медаль бар.

Сонымен қатар, 14 ақпанда бірнеше дүркін чемпион және көптеген жарыстардың жүлдегері Сара Прокофьева мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы шаңғы тебу бойынша облыстық жарыстардан алтын медальмен оралды.

«Богатырь көмір» компаниясы жұмыскерлерінен шыққан футболшылар да өз жанкүйерлерін қуантты. 10 ақпанда «Богатырь» командасы (капитан Александр Петров) ардагерлер арасындағы шағын-футбол бойынша қала чемпионатының кезекті турында 5:0 есебімен «АЛЕМ» командасына құрғақтай соққы берді. Құрама өткен демалыстарда Ақсу қаласында ферроқорыпта зауытының жүлдесіне ардагерлер арасында өткен шағын-футбол бойынша көшпелі ашық турнирде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Павлодарлық, ақсулық және екібастұздық алты команданың арасында «богатырлық» футболшылар лайықты екінші орынды жеңіп алды.

11 ақпанда «Жасыбай» БЖСМ-да дене тәрбиесі ұжымдарының арасында шағын-футбол бойынша қала чемпионаты бірінші лигасының ойындары жалғасты. Чемпионаттың бірінші шеңберінде «Богатырь-1» (капитан Дмитрий Минаков) командасы 3:4 есебімен «Шығыстан» келген футболшыларға (капитан Серік Махабеков) жол берді. «Богатырь-2» 6:5 есебімен МАЭС-1 командасын жеңді. 

Өткен жексенбідегі чемпионаттың екінші шеңберінде «Богатырь-1» өз қақпасына 7 гол өткізумен және қарсыластарға 2 гол кіргізумен «Шығыс» командасынан тағы жеңілді. «Богатырь-2» 6:4 есебімен МАЭС-1 командасын жеңе отырып алдыңғы шеңбердің қорытындысын шығарды.

Алда футболшылар «Халық банкі» қарсыластарымен кездеседі. Чемпионаттың ақырғы қорытындысы наурыздың аяғында сәуірдің басында белгілі болады.

18 ақпанда қалалық мұз айдынында ерлер мен әйелдер арасындағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке біріншілігінде конькимен сырғанау спортының жанкүйерлері жиналды.

Конькимен сырғанау жарыстарының қорытындысы алты бірінші, алты екінші және бес үшінші орын болды.

18-34 жастағылар арасында Гульзана Жихарева мен Иван Колосов (БЖКБ) бірінші орынға,  Ирина Мойса (атқарушы аппарат) және Мирзабек Шолпанов (ТКЖЖ зауыты) екінші орынға ие болды, Нұрсауле Макарова (ТКЖЖ зауыты) және Әділет Қайырбай (БЖКБ) қола жүлдегерлері атанды.

Конькимен сырғанаушылардың 35-44 жастағылар арасында алтын Ольга Шерешоваға (өткізу жөніндегі дирекция) және Евгения Головашаға («Богатырь» кеніші), күміс Светлана Задоринаға («Богатырь» кеніші) және Виктор Мальцевқа (ТКБ) бұйырды.

45 жас және одан жоғары спортшылар арасында орындар келесі түрде бөлінді: Елена Нападовская және Нұрлан Мұқашев (БЖКБ)1-орын, Айгүл Алинаева (коммерциялық дирекция) және Игорь Корнилов («Богатырь» кеніші) – 2-орын, Сара Прокофьева («Богатырь» кеніші), Бахтияр Мендыбаев (БЖКБ) және Қаныбек Масақбаев (автобаза) – 3-орын.

Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері компания басшылығы атынан тиісті дәрежедегі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу