Ұмытпау және құрметтеу

23.02.2018

15 ақпан кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толған күні «Богатырь Көмір» ЖШС-да компанияның бас директоры Мұрат Әбдіғұлов бұрынғы интернационал-жауынгерлермен, қазіргі серіктестік жұмыскерлерімен кездесті.

Сол уақыттан бастап осындай іс-шаралар «Богатырь Көмір» компаниясында жақсы дәстүрге айналғанын айта кеткен жөн. Ақпанның басында Мұрат Әбдіғұловтың ардагер-кеншілермен өткізген кездесуі кеншілер аға ұрпақтарының еңбектегі ерліктерінің алдында бас ию мен ерекше құрметтеудің белгісі болып табылды. Енді міне осы дәстүрді жалғастыра отырып достық және бейресми ахуалда, шәй үстінде жиырма бес Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысушы компанияның бас директорына көкейтесті сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.  Оның барлығына байымды жауаптар берілді. Ауған соғысының ардагерлерін жазғы мезгілде Белокурихада шипажайлық-курорттық емделу үшін қалай жолдама алуға болатындығы, сондай-ақ еңбек демалысына кезектен тыс шығу құқығы қызықтырды. Мұрат Әбдіғұлов түскен сұрақтарға түсінік бере отырып құрылымдық бөлімшелердің еңбек ұжымында ақылға салып егжей-тегжейін қарастырған соң мәселені оң шешуге дайын екендігін білдірді. Шешім өндіріске зарарын тигізбей және барлық еңбек ұжымының мүдделерін есепке алумен қабылдануы қажет екендігін бас директор баса айтты.  

Ауған соғысының ардагерлері компания басшысынан кәсіпорын аумағына жеке автокөліктің кіруіне, жұмыскерлердің қызметтік тілдесулер үшін ұялы телефонмен сөйлесуге шектеу қою мәселесін шешуді сұрады. Мұрат Әбдіғұлов жоғарыда аталған шектеулер өндірістің сипатына және кәсіпорынның стратегиялық маңызына байланысты қабылданғанын айтты. Сонымен қатар, қолданыстағы ереже аясында тиісті рұқсаттарды алуға мүмкіндік бар екендігіне тоқталды.

Ауған соғысының ардагерлерінің берілетін арнайы киімдер мен қызметтік рациялардың сапасына қатысты шағымдарын да Мұрат Әбдіғұлов назардан тыс қалдырмады. Ол жауапты тұлғаларға туындаған жағдайды мұқият қарастырып қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Мұрат Әбдіғұлов кездесуді аяқтай отырып ауған соғысының ардагерлеріне қызықты және пайдалы әңгімелері үшін алғысын білдірді. Жауынгер-интернационалистер өз тараптарынан оған көрсеткен ықыласы үшін шексіз ризашылықтарын айтты.  

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.  

 

Жаңалықтар тізіміне оралу