Деңгей алынды

20.02.2018

«Самұрық-Қазына» АҚ «Жас өркен» бағдарламасының қатысушысы, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің тағылымгері Әділ Әбдіхановтың, «богатырлық» жас белсенді Владимир Тюлиннің, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Серік Сәдуақасовтың «Менің арманым» инновациялық старттар жобасының республикалық конкурсына берген «Ақылды сумен жабдықтау» бірлескен экологиялық жобалары облыстық деңгейде табысты сынға түсе отырып келесі турға өтті.

Республиканың білім беру министрлігінен бастамашылық алған конкурс ақпанның басында Павлодар облысында өтті. Оның артынан конкурстық эстафетаға Қазақстанның басқа да өңірлері ілесті.

Павлодар Ертіс өңірінің 450-ден аса жас, белсенді және жаңашыл тұрғыны ғылымның, техниканың, мәдениет пен қолданбалы өнердің әртүрлі саласындағы өз әзірлемесін ұсынды. Бірақ оның 30-ы ғана төрешілер алқасының мақұлдауымен республикалық деңгейге өтті. Солардың арасында «Ақылды сумен жабдықтау» жобасы бар.

Жобаның бірлескен авторларының бірі Владимир Тюлин аталмыш әзірлемеде Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту мен «Ақылды қала» жобасын іске асыру бейнеленгенін айтты. Бұл жаңадан құрылған үйлерге орнатуға арналған ресурсты үнемдеуші ноу-хау ауыз суын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Оның мәні су жүргізетін жүйені бөлуде. Ауыз су тек шүмекке берілетін болады. Ванна мен ас үйде қолданылған соң ол үйдің жертөлесінде орнатылған қаралап тазартатын арнайы сүзгісі бар жинақтаушы кіші бакқа түседі. Су сүзгіден өткен соң су сорғының көмегімен пәтерге көтеріледі және дәретханаға төгу үшін қайтадан қолданылатын болады. Содан кейін ғана ол тазартқыш ғимараттарда тазалау мен дезинфекциядан өтіп қайтадан ішуге жарайтын болады.

Жоба авторлары суды нақты үнемдеу, мысалы 54 пәтерлі үйде 30%-ды құрайтыны есептеді. Аталмыш технологияны қолдану уақыты жеткенде тазартқыш ғимараттардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, екінші реттік суды пәтерлерде орнатылған өртке қарсы жүйелерге құюға, сондай-ақ үйдің жанындағы жасыл көшеттерді суаруға және өрт болған жағдайда өрт машиналарына құюға болады.

«Ақылды сумен жабдықтауға» Павлодар облысының әкімдігі қызығушылық танытты. Бұл әзірлеушілерге конкурстың жартылай финалына өтуге және жүлделі орын алуға сенімділік береді, ал олардың жобасы өмірде өз қолданысын табады.  Сондықтан олар осы жылдың қыркүйегінде шығуы мүмкін қорытындыны шыдамсыздана күтуде. Біз конкурсқа  қатысушыларға табыс пен армандарының орындала берулерін тілейміз.

Марина ПОНКРАТОВА.

Жаңалықтар тізіміне оралу