Жол адамы – жол жұмысы

15.02.2018

«Поездар тоқтаусыз жүргендей,

Машинистке жол жайлы болғандай,

Жауын-шашында шпалмен жаяу,

Әрдайым балғамен жүреді ол», - деп теміржолдағы ең маңызды кәсіп туралы балалар жұмбағында айтылған болатын. Жол жөндеуші – ел ішінде теміржол жұмыскері – белгілі тұлға. Теміржолдың үстінде де, станция маңында және разъездерде, аралықтар мен көпірлерде, ол қай жерде жүрмесін оны тоқсары желеткесі мен құрал-сайманынан тануға болады: ол қолына үнемі ұзын сабы бар балғаны, күректі, зілбалға және қарапайым адамдарға атаулары белгісіз тағы да басқа құрал-саймандарды ұстап жүреді.

Бұл кәсіптің ерекшелігін бізге №2 Жол учаскесінің жол жөндеушісі, «Богатырь Көмір» кенішінің озаты Қайрат Ақанов атап берді.

- Біздің жұмыстың маңыздылығын асыра мадақтау күрделі, - дейді Қайрат Қасенғалиұлы. – Көмір шығарушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен жылжымалы құрамдар машинистерінің қауіпсіз өмірі біздің жинақылығымызға, теміржол жолындағы ең кішкентай ақауды көре білуімізге байланысты.

- Жол жұмыскерлері нақты немен айналысады?

- Жолды күтіп ұстаймыз. Біз жарамсыз шпалдарды ауыстырамыз, рельс арасындағы саңылауларды жөндейміз, сомындарды бұраймыз, нұсқарларды реттейміз. Теміржол құрамдарының қозғалысынан рельстер ашылып кетеді немесе жабылып қалады, сондықтан біз жолдың еніне қараймыз – рельс араларындағы қашықтық үнемі анықталып тұруы қажет. Бұл сәйкессіздікті уақытында жөндемесе құрам жолдан шығып кетуі мүмкін.

Жол жөндеуші теміржолдағы ең көп кәсіптің бірі екеніне қарамастан ол өзіне тән ерекше дағдыны, білімді, күш пен шыдамдылықты талап етеді. Жол жұмыскері топырақтың қасиеттерін, рельстер мен шпалдарды төсеудің тәсілдерді, басқа да көптеген операцияларды орындай білуі қажет.

Бұл нюанстардың барлығын біздің сұхбаттас бес саусақтай біледі. Оған мол тәжірибе жұмыстағы көп жылғы жұмыс өтілімен келді. Ол жол жөндеуші лауазымында 23 жылдай еңбек етуде. Өзі төсеген теміржол жолдарымен БАМ-ға дейін жетуге болар еді деп әзілдейді. Дегенмен, оның бұл әзілі шындыққа жанасады.  «Богатырь Көмір» ЖШС көмір кенішіндегі болат магистральдің ұзындығы бірнеше жүз километрден асады.

Қайрат Қасенғалиұлы өзінің жеке қаситеттерінің, жұмысқа мұқият қарауының және таңдаған мамандығына деген адалдығының арқасында төртінші санатқа дейін көтерілді. Жол жөндеушінің суреті кәсіпорынның атақты адамдарының фотосуреттерімен бірге құрмет тақтасынан құрметті орынға ие болды.

Біз Қайрат Қасенғалиұлынан қанша жыл өзінің дене пішінің сақтауға болатынын сұрадық. Жолшының құрал-саймандары ауыр болады ғой, ауысым бойы аяқтан тұрып күш жұмсап жұмыс істеу қажет. Бізге өзінің футболмен айналысқандығы көп көмек болғанын айтты. Ол онымен жас кезінен бастап шұғылданған. Кезінде «Богатырь Көмір» құрама командасында ойнай отырып «богатырлық» кеншілердің абыройын қорғаған болатын. Спорттық жаттығулардың арқасында ол өзінің 52 жасында қайратты күш-қуатқа ие. 

Кәсіп таңдауда қателеспедіңіз бе деген заңды сұрағымызға Қайрат Ақанов былай деді:

- Кәсібімнің қиын екендігіне, қысы-жазы суық пен ыстықта ашық аспан астында еңбек еткендігіме қарамастан мен оны ауыстыруды ешқашан ойламадым. Тағдырдың жазуымен өмірім теміржолмен байланысты болды. Мен әскерден соң теміржолға вагон қараушы болып жұмысқа тұрдым. Сосын кенішке жолшы болып түстім. Жұмыс бірден ұнады.

Менің жұмысым, жеке басымның үлгісі ұлдарым Жантілек пен Нұртілекке өмірде өз жолдарын табуға көмектесті. Олар теміржол мамандықтары бойынша техникумды аяқтады, екеуі де «Қазақстан Темір Жолы» компаниясына жұмысқа тұрды. Қазір немерелерім өсіп келеді. Егер олар да теміржолшы болғылары келсе мен оларға қол ұшын беруге дайынмын.

 

Марина ПОНКРАТОВА 

Суретті түсірген Олег  МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу