Ардагер – кеншілермен кездесу

09.02.2018

Өткен аптада «Богатырь Көмір» ЖШС - нің бас директоры Мұрат Абдығұлов кәсіпорын тарихының бір бөлігіне айналған ардагер-кеншілермен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында Мұрат Абдығұлов құрметті қонақтарын жылы лебізбен қарсы алып, әр қайсының кәсіпорын дамуына қосқан үлесін ескере отырып:

  - Құрметті әріптестер! Сіздерді дәл осындай сөзбен қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі іс-шараға қатысуға уақыт бөлгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Заманауи дамыған, болашаққа нық қадаммен басып келе жатқан  «Богатырь Көмір»  кәсіпорынының  негізін қалаған Сіздердің әр қайсысыларыңызбен жеке танысқаныма қуаныштымын. Сіздерді жақынырақ танып, кеңестеріңіз бен ақылдарыңызды тыңдасам деймін. Аталмыш кездесу сіздерге де қызықты деп ойлаймын, себебі өздеріңіздің ең жақсы жылдарыңызды осы кәсіпорынға арнадыңыздар. Компанияның қазіргі басқарушы құрамымен бөлісерлік  ойларыңыз бар екеніне сенімдімін. Өз тарапымыздан біз компанияның қазіргі уақытта қандай жұмыстар атқарып жатқанымен қуана бөлісеміз.

Бас директордың шын ықыласы мен көрсеткен ілтипатына рахметін білдіріп, ардагерлер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.

Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, кенші Дмитрий Мелехов өз сөзінде «Северный» кенішінің аршу кешені тақырыбын қозғады. Ардагерлерді «Северный» кенішінің аршу кешенінің даму жобасымен «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директорының м.а. Ғалымбек Иргебаев таныстырды.  Еңбегі сіңірген ардагердің  тағы да кездесіп, бұл мәселені жете талқылау туралы ұсынысына компания басшылығы түсіністікпен қарады. Сонымен қатар, Мұрат Абдығұлов ардагерге аталмыш жобаны компанияның бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі «Карагандагипрошахт и К» ААҚ – мен тығыз ынтымақтастықта жасалғанын ескере өтті.

Кәсіпорынның даму жоспарын талқылай келе, Дмитрий Мелехов компания басшылығынан «Богатырь» кенішіне циклді – толассыз технологиясын енгізгеннен кейін босаған жұмыскерлерді қамту мәселесінің шешімі туралы сұрады.

Ардагердің қаупін компанияның бас директоры сейілтіп берді:

-Расында, компания алдымыздағы бірнеше жылда компания ЦТТ көшуді толығымен аяқтауды жоспарлап отыр.  Бірақ, бұл босаған адамдар жұмыссыз қалады деген сөз емес. Кәсіпорынның босаған жұмыскерлерге басқа мамандық беру бойынша арнайы жоспар бар. бағдарлама жемісін беріп келе жатыр және жылда жаңарып отырады. Одан басқа,  компания қызметкерлерінің кәдімгі қалпымен азаюы бар, яғни жұмыскерлердің зейнеткерлік жасқа толуы, немесе басқа тұрғылықты мекендерге көшуі тәрізді. Сондықтан алаңдауға себеп жоқ. Аталмыш сұрақ «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы тарапынан үнемі бақылауда.

            Екібастұз қаласының құрметті тұрғыны, еңбегі сіңген кенші Еркен Аубакиров кәсіпорынның 2018 жылға жоспары туралы сұрады.

Аталмыш сұраққа Мұрат Абдығұлов жауап бере келе, өткен жылдағы компания жетістіктеріне де тоқталды:

- Жоспар бойынша 33,9 млн тонна көмір өндіру болса, компания 40,8 млн тонна көмір өндірді. Осы жылға 41,3 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отыр.  Бұл көрсеткішті  де біз бағындырамыз деген ойдамыз.  Аталмыш мақсатқа жету үшін аз жұмыс жасалып жатқан жоқ, айтарлықтай инвеститциялар да салынып жатыр.  

Бас директордың орынбасары, өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров аталмыш қаражатқа ағымдағы жылда 20 думпкар сатып алынса, алдағы уақытта тағы да 32 думпкар, «МП-1» маркасындағы локоматив, бульдозер техникасы сонымен қатар төрт карьерлік «БелАЗов-75131» өзі аударғыштарын алу көзделіп отырғанын айтты. Қолда бар техниканы қалыпта ұстауға және жаңа жабдықтарды алуға 2018 жылы 11 млрд. – тан 14 млрд. теңге дейін көлемінде қаражат бағытталмақшы. Техникалық директордың м.а. Ғалымбек Иргебаев тағы 20 млрд. теңге  көлеміндегі қаражат ЦТТ  жүзеге асырылуына бағытталатынын айтты.

    «Қоршаған ортаны қорғау» бірлестігінің белсенді мүшесі болғандықтан Еркен Аубакиров жер шаруашылық айналымының қалаға қандай әсері бар екенін сұрады.

Ақсақалға техникалық директордың м.а. Ғалымбек Иргебаев толық жауап берді:

 - Қазіргі таңда топырақ құнарлығын қалпына келтірудің бір кезеңі кеніште үйіндітүзілу болып табылады, аталмыш жұмыс кен жұмыстарының мүмкіндігіне байланысты ары қарай жалғасын таппақ. Сонымен қатар, кәсіпорында тарату қоры жұмыс жасауда, аталмыш қорға үздіксіз ақша аударылып тұрады. Тау – кен жұмыстарын  өтеу кезеңінде ашаның бір бөлігі табиғатты қорғау және экологиялық іс- шараларға жұмсалады. Соның ішінде, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, көгалдандыру және т.б. Сонымен қатар, кәсіпорынымыздың жыл сайын 10-12 млн. теңге жас көшеттерді отырғызуға жұмсайтынын атап өту қажет.

            Екібастұз қаласының құрметті тұрғыны Маната Сыздықова «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыскерлеріне қызметтік өсу мүмкіндіктері бар ма екенін сұрады.

Мұрат Абдығұловтың пікірінше қызметте өсуге барлық мүмкіндіктер жасалған, барлығы компания қызметкерінің ұмтылысына байланысты.  Кәсіпорын  ең бірінші кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөледі. Өткен жылда ғана әр түрлі курстарда 5 мыңнан астам қызметкер оқып келді. Оның жетеуі Астана қаласындағы «Самрұқ-Энерго» АҚ  орталық аппаратына тағылымдамадан өтті. Бас директордың айтуынша қысқа мерзімді мәселелерді шешуде компания қызметкерлері жиі қатысады.

     Кездесуге қатысушы ардагер - кеншілерге жергілікті жас өспірімдерді сұранысқа ие тау – кен мамандықтары бойынша білім алуға үгіттеу керектігін  еңбек ардагері Самат Рамазанов айта кетті. Бұл ойды Мұрат Абдығұлов та қостады:

-Сіздің пікіріңізбен толық келісемін. Бұл бағытта «Богатырь Көмір» ЖШС жергілікті колледждермен және Екібастұз инженерлі – техникалық институтымен тығыз қарым – қатынаста. Жұмыскерлерге оқу ақысын төлеу үшін пайыссыз көмекқарыздар беріледі. Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша, жергілікті жастар «Богатырь Көмір» ЖШС қаражатына сұранысқа ие, мамандыққа бойынша білім ала алады. Кейін компанияға жұмысқа орналасып,  кем дегенде бес жыл компанияда жұмыс жасау керек деген шартымен.

Ардагер – кеншілердің басқа да ұсыныстары бас директордың қолдауына ие болды. Ардагерлер тілектерін жерге тастамай, Мұрат Абдығұлов ардагерлерге арнап Астана қаласына экскурсия ұйымдастыруын тапсырды. Жыл сайын ардагер – кеншілерге «Жасыбай» демалыс орнына 20 жолдама бөлініп отырса, қосымша 20 жолдама мүгедек жандарға және оларды алып жүруші тұлғаларға бөлініп отырады. Жызғы мезгіл соңында ардагерлерге демалыс күннің жолдамасы беріледі. Бас директор тарапынан ардагерлерге арналған жолдамаға 30 пайыздық жеңілдік беруге жөнінде түскен ұсынысты қарастыру туралы тапсырма берілді. Келіп түскен сұрақтардың бір бөлігін жұмыс тәртібінде қарауға шешім қабылданды.

Кездесу соңында ардагер – кеншілер «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығына көрсеткен ықыласы мен көмегіне тағы бір мәрте алғыстарын білдірді.

 

Канат АЛДАБАЕВ

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу