«Богатырлық» Аяз Атадан.

28.12.2017

Тағдырдың жазуымен Екібастұз жетім балалар үйіне тап болған әртүрлі жастағы жиырма ұл мен қыз көптен күткен Жаңа жылдық мерекенің қарсаңында Аяз Атаға хат жазды. Балалар ол хатта өздерінің ең ардақты армандары туралы айтқан болатын. 27 желтоқсанда балалар үйінде өткен жаңа жылдық ертеңгілікте олардың тілектері орындалды.   

Өздерінің аз ғана өмірлерінде балаға жат сынақтарды бастан кешірген балалар жаңажылдық әсем шыршаның қасында Ақша қармен және Аяз Атамен, пошташы Печкинмен, Матроскин мысықпен, Шарик итпен бірге көңіл көтерді. Ал сыйлықтардың ішінен өздерінің қалаған сыйлықтарын тапқан кезде олардың қуаныштарын жеткізу мүмкін емес! Үш жастағы Аделина Увалиева өзінде әдемі қуыршақтың болғанын қаласа, оның әпкесі Рамина алқызыл мақпал қонжыққа ие болуды қиялдаған, ал Богдан Шинкоренкоға ұялы телефон қажет еді, Сергей Венцак спорттық костюм мен конькиді армандаған.

Осы және басқа да сыйлықтарды балаларға арнап Аяз Атаның көмекшілері – «Богатырь Көмір» компаниясының кеншілері сатып алды. «Нұр Отан» пария ұйымының «богатырлық» өкілдерінің осы жылы бесінші рет өтіп отырған акцияға шақыртуларына серіктестіктің әртүрлі құрылымдық бөлімшелдегілерден көбі қатысуға ықылас білдірді. Көмір өндірушілер балалардың қалауына сүйене отырып ақша жинап балалар үйінің ойын бөлмесіне арналған жеке сыйлықтар мен ойыншықтарды сатып алды.

Көмір компаниясының жұмыскерлері балалар мерекесінде құрметті қонақ болды. Кәсіпорынның мыңдаған ұжымы атынан балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан мерекелерімен құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, «Нұр Отан» бастауыш партиялық ұйымының төрағасы Ольга Хозяшева құттықтады. Ол балаларға зор денсаулық, мектепте үздік оқуды және тәртіпті болуды тіледі. Балалар үйінің тәрбиеленушілері де көмір өндірушілерге көрсеткен ықыластары үшін шын жүректен алғыстарын білдірді: бақыт, шаттық және жаңа жылда жақын адамдармен бір болуды тіледі. 

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу