«Богатырлық» медальдар үшін

28.12.2017

22 желтоқсанда өткен жылдағы әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға белсене қатысқан және спорттың 15 түрі бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер атанған «Богатырь Көмір» компаниясының отыздан аса қызметкері басшылық пен кәсіпорынның кәсіподақ комитетінен құрмет грамоталар мен сыйлықтар алды.

Биылғы жылы спортшыларды дәстүрлі марапаттау рәсімі серіктестіктің спорт-сауықтыру кешенінде өтті. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында қалалық жетінші спартакиадада «Богатырь Көмір» командасының кезекті жеңісімен және жиылғандарды тамаша жеке спорттық табыстарымен «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев және спорт-сауықтыру кешенінің бастығы Валентина Титаренко құттықтады. Олар кеншілерге салауатты өмір салтын іске асыру бағдарламасына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтты және оларға жаңа жылда спорттық табыстар тіледі.

 Валентина Титаренконың пікірі бойынша кәсіпорында жүргізілген саясаттың арқасында жыл сайын көптеген көмір өндірушілер спортпен айналыса бастапты және богатырлық спорттық көжиекте жаңа жұлдыздар жарқырай бастады.

- Компания басшылығы үнемі бізді қолдап отырады, спорттық құрал-жабдықтар, жаттығу құрылғыларын сатып алуға және іс-шаралар өткізуге қомақты қаражат бөлінеді. Бізде жылына жүзден аса іс-шара өтеді – дейді спорткешен басшысы.

Бүгінгі күні «Богатырь Көмір» ЖШС-нің екі жүзге жуық қызметкері спорттың әртүрлі түрімен айналысады және марапаттарға ие болды. Олардың кейбіреулері «Богатырь Көмір» компаниясының атын республика шегінен тыс әйгілі етті. «Богатырь» кенішінің аршу кешенінің бастығы Серік Саттаров 2014 жылы Испания мен Грецияда өткен дзюдо мен самбо бойынша жарыстарда екі мәрте қола жүлдегері атанды, Богатырь ЖКБ тартушы агрегат машинисі Мұрат Ахметшарипов шағын-футбол бойынша Қазақстан әуесқой құрамасының құрамында Венгрияда өткен былтырғы жылғы чемпионатта Еуропа чемпионы атағын алды, ал «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисінің көмекшісі Рулан Исенов биыл бразилия джиу-джитсу бойынша  халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды.

Атақты «богатырлық» спортсмендердің арасында қос олимпші – «Богатырь» кенішінің ӘТК жұмыскері Сара Прокофьевна бар. Ол қысқы көпсайыс және жүзу бойынша дүркін-дүркін чемпион, қалалық жарыстардың, облыстық чемпионаттардың жүлдегері атанды. Оның жинақ сандықшасында 10 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль бар.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу