Жұмыстың нәтижелілігі үшін

26.12.2017

Энергетик Күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясында энергетика саласымен байланыстағы жұмыскерлерді құттықтады.

Серіктестіктің бас энергетик қызметінде 400 адам еңбек етеді. Олардың еңбектерін асыра бағалау қиын. Ол көмірді шығару бойынша технологиялық үдерісте маңызды топ болып табылады. Энергиямен жабдықтаудың төрт учаскесі, электржабдықтарды жөндеу учаскесі, телекоммуникация қызметі, жылу- және сумен жабдықтау учаскесі және инженерлік желілерге қызмет көрсету учаскесі кеніштер мен кәсіпорынның әкімшілік ғимараттарын электрқуатымен, жылумен және байланыспен қамтамасыз етеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Әбдіғұлов кәсіби мерекенің құрметіне компания энергетиктеріне өз құттықтауын жіберді.

 «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас энергетигі Нұрлыбек Жұматаевқа және басқарма аппаратының қызметкерлеріне құрмет грамоталар берілді: Арман Естаевқа, Жанат Биляловқа, Николай Казанцевке және Серікқазы Қажиевке. Сондай-ақ бас энергетик қызметі бөлімшелерінің еңбек ұжымдары мен Богатырь ЖКБ энергетиктеріне де құрмет грамоталары берілді. Құрмет грамоталарды учаскелер мен бөлім басшылары да алды: Елтай Болпаков (электржабдықтарын жөндеу жөніндегі учаске), Ерлан Бейсембаев (Богатырь кешенінің энергияменжабдықтау учаскесі), Марат Тұмабаев (Солтүстік кешенінің энергиямен жабдықтау учаскесі),  Александр Голубничий және Алексей Василенко (1 және 2 энергиямен жабдықтау учаскелері), Назымбек Бейсембаев (жылумен жабдықтау учаскесі), Анатолий Остромецкий (инженерлік желілерге қызмет көрсету бойынша учаске), Қанат Карменов (өндірістік-технологиялық бөлім), Зәки Жұмабеков (есеп-шарт бөлімі),  Владимир Тюлин (шұғыл-диспетчерлік бөлім), Аслан Иренов (телекоммуникация қызметі), Павел Шалапов (Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасы), Сергей Волков және Виталий Лукьянчук (1 және 2 энергошаруашылық учаскелері).

Жиналғандарды бас энергетик қызметінің басшысы Нұрлыбек Жұматаев құттықтады:

- Құрметті әріптестер! Кәсіби мереке – Энергетик Күніне байланысты шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Энергетиктердің кәсіби мерекесі – бұл көптеген адамдарды біріктіретін күн. Сондықтан бүгін осы тамаша мереке барлық үйде және ұжымда атап өтіледі. Энергетиктер дегеніміз кімдер? Бұлар мамандықтары бірдей жәй ғана адамдар емес! Бұлар көптеген кәсіптердің мамандары, олардың  мақсаттары бір - әр үйге жылу мен жарық беру.

Энергетикада жұмыс істеу әрқашан абырой болып саналуда, ал энергетик болу құрметті де жауапты іс. Мен осынау айтулы Күні біздің ұжымның әрбір өкіліне кәсібіне берілгендігі, іске деген адалдығы, жауапкершілігі мен жұмыс нәтижелігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді.

Энергетика саласының бастауында тұрған, оның қалыптасып-дамуына елеулі еңбек сіңірген ардагерлерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Сіздер жас мамандарға үнемі үлгі болып қаласыздар, сіздердің жетістіктеріңізді біз әрдайым мақтан тұтамыз. Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, шалқыған көңіл, еңбекте табыс тілеймін. Әр үйде береке, ынтымақ бола берсін! 

 

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу